Қоғам

Балқашта жолбарыстардың санын көбейту жұмыстары жалғасады

Балқаш маңындағы «Іле-Балқаш» табиғи резерватына биыл қазан айына дейін амур жолбарысының аталығы жіберіледі.

амур жолбарыстары

Ол Қазақстанға жолбарыс популяциясын қалпына келтіру мақсатында Ресейден әкелінген төрт жолбарыстың бірі болмақ. Мамандардың айтуынша, аталық жолбарыс Үміт атты жолбарыстың мекендеу аумағына жіберіледі. Егер екі жолбарыс бір-біріне үйреніссе, аталық сол аумақта қалады. Ал жұп құру мүмкін болмаса, басқа ұрғашы жолбарысты іздеуі мүмкін.

Жоба аясында келесі жылдың мамыр айында Балқаш өңіріне тағы екі жолбарыстың төлі жіберіледі. Олар арнайы уақытша қоршау арқылы табиғи ортаға бейімделетін болады.

Бұл жұмыстар Қазақстан аумағында жойылып кеткен Тұран жолбарысының популяциясын қайта қалпына келтіруге бағытталған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз