Бас санитар карантин қай кезде тоқтайтынын айтты
ҚР бас санитарлық дәрігеріАйжан Есмағамбетова еліміздегі карантинді біртіндеп жою кезеңдеріне жекелейтоқталды.
«Төтенше жағдайдың жойылуы барлық карантиндік шаралардыңалынуы керектігін білдірмейді. Біз карантиндік шаралар сақталуы керек дегенұстанымдамыз, бірақ ол елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндепжұмсартылып отыруы керек, — деді Есмағамбетова.
Оныңайтуынша, наурыз айында аурудың өсімі 150% -дан асқан, бүгінде ол тек 2-3%құрайды.
«Соңғы аптада бұл өсім 5% -дан аспады»,- деді ол.
Бас санитардың айтуынша, біртіндеп жұмсартып отыруарқылы карантиндік шаралар сақталады.
Есмағамбетовакарантиндік шаралар үш кезеңнен соң жойылатынын айтты.
Біріншікезең аурудың бір аптаның ішіндегі өсімі 7% -дан аспаған кезінде анықталады.
Карантиндікшараларды жұмсартудың екінші кезеңі аптасына ауру өсімі 5% -дан аспайтынжағдайда жүреді.
Үшіншікезең апта ішінде аурудың өсім көлемі 2% -дан аспайтын кезде енгізіледі.
Эпидемиологиялықжағдайларға байланысты карантин әр аймақта өзіндік сценарий бойыншажұмсартылады.