16:37, 04 Мамыр 2024
Батыс Қазақстанда 2 елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалды
Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеді. Бұл туралы БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш мәлімдеді.
Судың қазіргі деңгейі - 7 м 99 см. Осыған орай, өңірге жұмылдырылған қосымша күш-құралдар өз облыстарына және Атырау облысына қарай қайтарылды.
«Облыс бойынша жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 11 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. Су тасқыны кезеңінде 14 078 адам эвакуацияланды. Оның 5 813-і - 18 жасқа толмаған балалар. Эвакуациялық пункттерде 2 345 адам орналасқан, оның 1017-і – бала. 3 752 адам өз үйлеріне оралды», – деді спикер.
Ол қазіргі таңда облыс бойынша жағдай тұрақты және қатаң бақылауда екенін айтты.
Фото: ортком