Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:33, 14 Мамыр 2024

Байден ресейлік уранды импорттауға тыйым салатын заңға қол қойды

f
Фото: из открытых источников

АҚШ президенті Джо Байден бұған дейін парламенттің қос палатасы мақұлдаған ресейлік уранды импорттауға тыйым салатын заңға қол қойды.

Ақ үйдің мәлімдемесінде Ресей Федерациясында немесе ресейлік кәсіпорын өндірген сәулеленбеген және төмен байытылған уранды АҚШ қа әкелуге тыйым салынғаны айтылған.

Құжат қол қойылғаннан кейін 90 күн өткен соң күшіне енеді. 2028 жылдың қаңтарына дейін АҚШ Энергетика министрлігі елге басқа жеткізу көздері болмаған жағдайда ғана Ресей Федерациясынан импортқа рұқсат бере алады. Шектеу 2040 жылға дейін күшінде болады.

Байден қол қойған бұл заң АҚШ-тағы уранды байытуды дамытуға жұмсалатын 2,7 миллиард долларлық қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретіні айтылған.

«Бұл жаңа заң Американың ядролық сектордағы көшбасшылығын қалпына келтіріп, болашақ ұрпақ үшін энергетикалық секторымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі», - деді дүйсенбіде Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан. 

Ресей Американың коммерциялық атом электр станцияларына уранның ең ірі жеткізушісі болып табылады. Олар пайдаланатын отынның шамамен төрттен бірі Ресей Федерациясының үлесіне тиеді. The Washington Post басылымының жазуынша, америкалық компаниялар Ресейдегі байытылған уранды сатып алуға жыл сайын шамамен 1 миллиард доллар жұмсаған. Сарапшылар Ресейден уран импорттаудан бас тарту атом электр станциялары үшін жанармай бағасының 20%-ға қымбаттауына әкелетінін жоққа шығармайды, деп жазады Bloomberg.

Ал, АҚШ Ресей әскерлерінің Украинаға жаппай басып кіруі басталғаннан кейін көп ұзамай ресейлік мұнай мен газды импорттауға тыйым салды. «The Washington Post» байытылған уран Ресейден АҚШ-қа әкелінген соңғы ірі импорттың бірі болғанын, одан түскен табыс соғысты қаржыландыруға жұмсалатынын жазады.

Фото: Getty Images

Тегтер: