Оқиғалар

Бекеттен өткізу үшін 60 мың теңге алмақ болған әкімдік қызметкерлері ұсталды (видео)

9 сәуірде таңертең желіде Алматыдағыбақылау-өткізу бекеттерінің бірінде Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлеріпара алғаны үшін ұсталды деген хабарлама тарап отыр.

Бекеттен өткізу үшін  60 мың теңге алмақ  болған әкімдік қызметкерлері ұсталды (видео)

Хабарламада:

«Водник № 11блогында: Алматы қаласы бойынша ҰҚ қызметкерлері сағат 17.50 шамасында Жетісуауданы әкімдігінің қызметкерлері Аденов Қуаныш (кәсіпкерлік бөлімі) жәнеОразбеков Сұлтан (мемлекеттік заң бөлімі) Алматы облысына шығу үшін 60000 теңге көлемінде пара алып жатқаны үшін ұсталды. ҰҚ қызметкерлерініңайтуынша, бұл адамдар екі апта бұрын назарға ілінген»,-делінген.

Арнайы брифингте Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызметтің Серіктестік департаментінің директоры РасулМедетовтен осы ақпаратқа түсініктеме беру сұралды.

Өз кезегінде  Расул Медетов «Қазіргі уақытта бұл фактбойынша түсініктеме бере алмаймыз, өйткені оған тыйым салатын Қылмыстық ісжүргізу заңының кейбір нормалары бар», — деді.

Жалпы, карантин режимі енгізілгелі бері, Алматыда және Алматы маңында блок бекеттерден өту үшін «келісуге» болатыны жайлы қазір әлеуметтік желілерде де, көпшіліктің арасында да жиі айтылып жүр. Бло-бекеттердегі заң бұзушылықтарды жекелеген адамдар да ұялы телефондарына түсіріп алып әлеуметтік желілерге де ашық жариялап та жүр. Бірақ бекеттердегі берекетсіздік әлі де бой көрсетіп қалады. 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз