Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:42, 23 Сәуір 2024

Су тасқынынан зардап шеккен отбасылар қанша өтемақы алады?

f
Фото:

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 150 АЕК-ке (553 800 теңге) дейін өтемақы төленеді. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алған.

«Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке тағы 150 АЕК-ке дейін өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан аброймен өтеміз деп білемін», — деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтелетіні айтылды.

Айта кетейік, қазір ТЖ аймақтарынан барлығы 119 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Фото: ҚР Үкіметі