17:43, 17 Маусым 2024
Биыл 7 420 түлек «Алтын белгі» алған

Биыл 7 420 түлек «Алтын белгі» алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен хабарлады.
2024 жылы 11-сыныпты 186 мың түлек аяқтады. Оның ішінде 7 420 адам «Алтын белгі» белгісімен марапатталды. Ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды.
Бұған дейін ҰБТ-ға шпаргалка, смартфон алып кірген 219 бала тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды.
Оның ішінде талапкерлердің 74% — қазақ тілінде, 26% — орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады.
Орташа балл — 68 балл. Ең жоғары балл — 138. 266 адам 130 балдан жоғары көрсеткіш көрсеткен.