Саясат

Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты.

Бишімбаев

«Маған тағылған айыптың мәні түсінікті, кінәмді мойындамаймын», - деді Бишімбаев бүгін соттағы алдын ала тыңдау барысында.

Сондай-ақ Бишімбаев өз ісін БАҚ өкілдерінің қатысуымен алқабилердің ашық сотында қарағанын қалайтынын айтты.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары іс заңсыз қайта сараланып, Қылмыстық-процессуалдық кодекс бұзылды деп есептейді. Адвокаттар заң бұзушылықтарды жою үшін қылмыстық іс материалдарын прокурорға қайтаруды талап етіп жатыр. 

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 9 қарашада ұсталғанын болатын. 8 қаңтар күні Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. 11 қаңтарда елордалық сотта оның қамауға алынуы 9 наурызға дейін ұзартылғаны туралы хабарланды.

Тегтер: Бишімбаев
Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз