Live

Бишімбаевтың ісінен танымал Айжан Аймағанова прокуратурадағы қызметінен кетті

Құрылтай депутаттығына «Әділет» партиясынан үміткер ретінде ұсынылған Айжан Аймағанова прокуратура органдарындағы қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Айжан Аймағанова

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес прокуратура қызметкерлеріне саяси партиялардың құрамында болуға тыйым салынған. Осыған байланысты ол кандидат ретінде ұсынылмас бұрын мемлекеттік қызметтен өз еркімен кеткен.

«Бұл шешімді саналы түрде қабылдадым. Менің кәсіби тәжірибем мен білімім заң шығару қызметінде, сондай-ақ азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешуде пайдалы болады деп сенемін», – деді Айжан Аймағанова.

Еске салайық, бұған дейін Айжан Аймағанова «Әділет» партиясының атынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз