Саясат

Бізді сорлатып отырған не?

«Тарихты жасайтын тұлғалар» деп жатады. Дұрыс. Келісемін. Солсекілді қатып қалған мемлекеттік жүйеге үлкен өзгерістер әкелетін де, тыңбастамалар көтеретін де, соны соқпақтармен алып жүретін де саясатқа тосынкелген азаматтар.

Бізді сорлатып отырған не?

Мәселен АҚШ президенті Дональд Трамп, Қытай басшысы Си Цзиньпин,Франция президенті Эммануэль Макрон, Ресей президенті Владимир Путинді айтсақболады. Трамп кіші Буш пен Обама кезінде ішкі-сыртқы саясаты әрі-сәрі күйкешкен АҚШты тік тұрғызды, бизнестен келседе саясатта балықтай жүзді, АҚШөркениеттің көш басында тұрған мемлекет екенін жаһанға мойындатты, Си Цзиньпинмемлекеттегі бар билікті бір қоға жинап, ымырасыз саясат жүргізетін бір беткейбасшы екенін танытты, Эммануэль Макрон тек Францияны ғана емес, үйірлес елдер–Еуродақты АҚШ-тың алдына бас имейтін тәуелсіз одақ ретінде көргісі келіп,соның қамын жасап жатыр. Ал, Путин Ельцин кезінде тозып, пұшайман болғанРесейді қайта «тірілтті». Экономикасы әлсіз болған мен қарумен әлемді үрейдеұстауда. Орыс мүддесін алға шығарды. Аты аталған басшылардың қай-қайсысы даөздері (жақсы ма, жаман ба оған біз баға бермейміз) басқарған елдерде үлкендүмпу жасады. Қасаң жүйені өзгертті. Мемлекеттің мүддесін қорғады. Ал, біздеше? Өкініштісі, тәуелсіз ел атанған 29 жылда кещегі кеңестік жүйенің негізіндеқұрылған, сол арнамен әлі күнге келе жатқан саяси жүйемізді өзгертуге тырысқанбірде бір тұлға шықпады. Негізі шығармады. Неге? Өйткені билік яғни мемлекеттікқызмет белгілі бір шеңбердің ішіне кіргізілген. Оған бей-сауыт ешкім кіреалмайды және шығада алмайды. Оған кіру мен шығу «АҒАШКАЛАРДЫҢ»ишарасы арқылы жасалады. Шеңбердің ішіндегі мемлекет қызметкерлері (әкімдер,министрлер олардың орынбасарлары, премьер министр, депутатар, сенаторлар) әлдебір жағдаймен қызметтен босатылғанымен, екінші бір орынға барып жайғасады. Яболмаса орын алмасады. Кешегі әкім бүгін министр, бүгінгі министр ертеңгі әкімне болмаса тағы бір лауазымды қызмет дегендей. Сүйтіп шеңбердің ішінде айналыпжүре береді. Бұл өте тиімсіз басқару жүйе. Мемлекеттің дамуына тұсау. Демекмемлекеттік қызметтегі «шеңберді» бұзу керек. Білікті кадрлар қызметке келуітиіс. Былайша айтқанда «қан жаңартып» отыру жүйесін қалыптастыру қажет. Сондағана мемлекетте оңды өзгерістер, серпінді даму болмақ. Ал, қазіргі жүйеөзгермесе осы сорлағанымыз сорлаған. Мұның түбі әлеуметтік жарылыстарға алыпкелері хақ. Бұған жол бермейміз десек, тек қарақан басын ойлайтын мемлекеттікқызметтегі біліксіз, білімсіздердің орнына мемлекет мүддесін, ұлт мүддесін,халық мүддесін бірінші орынға қоятын мемлекетшіл кадрлар келуі тиіс деп ойлаймын.

Азаматхан ӘМІРТАЙ,

«Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз