Оқиғалар

БҚО-да полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған ер адам 25 тәулікке қамалды

Бөрлі ауданының Ақсай қаласында полиция қызметкерлері түнгі клубтардың бірінің қасында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Полиция

Аталмыш азамат қоғамдық орында балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Құқық бұзушы Ақсай қаласының 22 жастағы тұрғыны Асет Кенесов екені анықталды.

Сот шешімімен ол 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз