Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:52, 21 Мамыр 2024

БҚО-да салынатын үйлерді қандай компаниялар қаржыландырады?

а
Фото: из открытых источников

Ірі компаниялар БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға және сатып алуға көмек көрсетеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Үкімет Вице-премьер Қанат Бозымбаев, «Astana Group» негізін қалаушысы және төрағасы Нұрлан Смағұлов, «Банк ЦентрКредит» директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов, «Jusan Bank» директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Ғалымжан Есенов, «ҚазАзот» директорлар кеңесінің мүшесі Рүстем Аязбаев, «Qazaq Stroy» құрылтайшысы Нұрлан Артықбаев және «Alageum Electric» директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов Батыс Қазақстан облысында болғанын айтты.

Олар Орал қаласының су басқан саяжай массивтерін аралап, су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлер салынып жатқан Теректі ауданының Подстепное ауылына барды, сондай-ақ эвакуациялық пункттегі жергілікті тұрғындармен кездескен.

Өңірдегі  Сырым, Қаратөбе, Теректі, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында 357 үйдің құрылысы басталды. Әкімдік мердігерлік ұйымдарды анықтады. Үйлер тамыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сырым ауданында жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге 114 үйдің құрылысын «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырады. 75 үйді жергілікті жер қойнауын пайдаланушы компаниялар салады: «Жайықмұнай», «Конденсат» және «АқсайГазСервис». Тағы 71 тұрғын үйді «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы «Ақжайық» қоры арқылы салады, дейді Үкімет.

Фото: Үкімет сайты

Тегтер: