Блок-бекеттегі апат: жансақтау бөлімінде жатқан үшінші полицейдің жағдайы айтылды
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бақылау-өткізу пунктінде жарақат алған полицейдің жағдайы туралы айтты.
"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, оң динамикасы бар. Тыныс алуы еркін. Оны нейрохирургия бөліміне ауыстырды", — деді Бекшин.Ол науқастың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамаларына сәйкес емделетінін айтты.Еске салайық, 25 мамырда Алматы облысының Қарасай ауданында 1992 жылы туылған мас жүргізуші бақылау-өткізу пунктіне және патрульдік көлікке соғылды. 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі 1994 жылы туған Дастан Әбдіқанов ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды. Ал үшінші полиция қызметкері ауруханада емделуде.