12:40, 21 Маусым 2024
Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті жаттығу жиынына кірісті
Ұлттық Олимпиада комитеті бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада қарсаңындағы маңызды жиындардың біріне кіріскенін хабарлады.
Ұлттық құрама спортшылары Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізуде. Мұндағы дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін жалғасады.
Ал Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер командасы Париж Олимпидасына үш жолдама жеңіп алды.
Олар:
- Назым Қызайбай (50 келі),
- Карина Ибригаимова (57 келі)
- Валентина Хальзова (75 келі).
Құраманы Елдос Сайдалин жаттықтырады.