Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:14, 06 Қараша 2023

Болат Назарбаев жансақтау бөлімінде жатыр

Назарбаев
Фото: из открытых источников

Алматының Орталық клиникалық ауруханасы Болат Назарбаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

«Қазіргі таңда науқас «ӨДП МК» АҚ Орталық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, науқастың жағдайына қатысты жеке ақпаратты туыстарының келісімінсіз жария етуге құқығымыз жоқ. Бұл мәселе бойынша түсініктеме беру мүмкін емес», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қарашаның 4-і күні бірқатар қазақстандық БАҚ Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр деп хабарлаған болатын.