Әлеумет

Бостандыққа шыққан Бақытжан Байжанов алты жыл бақылауда болады

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты түсініктеме берді.

Бақытжан Байжанов

 Ведомствоның мәліметінше, Байжанов «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң негізінде босатылған.

Комитеттің хабарлауынша, сот мәселені қараған кезде оның өтелмеген жаза мерзімі 3 ай 18 күнді құраған.

Сонымен қатар сот қаулысымен Бақытжан Байжановқа алты жыл мерзімге пробациялық бақылау және әкімшілік қадағалау белгіленді.

Бұған дейін адвокат Ғазиз Ынтықбаев соттың Байжановты дереу босату туралы шешім қабылдағанын, оның сол күні отбасына оралғанын мәлімдеген еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз