Баған

Бояудың даусы

Биыл – жастар жылы. Еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын.

Бояудың даусы

Соған орай, осы күндері республикамыздың жер-жерінде жастар шығармашылығына қолдау жасалып жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі жас таланттардың көрме, концерттердің өтуіне ықпал етіп жүр.

Жақында Aspan Gallery залында жас суретші, авангардист Нұрбол Нұрахметтің «Мүшелеу»көрмесін ұсынды. Көрме мамыр айының 12-жұлдызына дейін ашық. Өнер сүйетінжандар әл-Фараби 140а мекен-жайына барып тамашалай алатын көрме нақ осыдүниетану даналығына әбден қатысы бар. Нұрбол Нұрахмет Т. Жүргенов атындағыҚазақ ұлттық өнер академиясы мен Сан Франциско өнер академиясы университетініңтүлегі. Оның шығармашылығы «Орталық Азияның әлеуметтік-мәдени ландшафтын сыпайыталдаумен және академиялық кескіндеме мен суреттің айқын тілін шеберлікпенпайдаланумен ерекшеленеді. Осының нәтижесінде жеке пікірі мен азаматтықкөзқарасы оның суреттерінен айқын көрінеді» деп бағаланады көрермендертарапынан.

Дүниені тану даналығында шек жоқ. Дүние тек сыртқы әлем емес, сіздің ішкіәлеміңіз де осы дүниенің бір бөлшегі. Егер ғалам қалай шексіз болса, сіздің,яғни адам баласының ішкі әлемі де түпсіз тұңқиық. Шексіздік. Таныдым дегеніңіз танымағаныңыз,жетттім дегеніңіз жетпегеніңіз болып шыға береді. Бітпейтін шеңбер ме, әлдеұшы-қиыры жоқ жылғыз сызық па дүние деген. Ал біліп көріңіз. Уақыт озған сайынақылы кемелденіп те, рухани жалаңаштанып та, дамыды деген сайын кері кеткендейкөрініп жатқан пенде баласы дегеніңіз кімдер? Ал танып біліңіз. Тани алмайсыз.Ақыретке дейін адам баласы өзін зерттеп, дүниені толық біліп үлгермейтінсияқты. Дегенмен біздің бойымызда әрнені тануға, білуге талпыныс бар. Ғылымда,өнерде, өнеркәсіпте, технологияда болып жатқан жаңалықтардың бәрі – дүниенітануға деген талпыныс. Біздің көз алдымызда Илон Масктың қадамдары үлкенжаңалық болса, мына піл сауырлы жер үшін, шексіз ғалам үшін ол түкке тұрмайтыннәрсе. Әзелден солай болған, солай қала береді. Адам Ата зәузаты әлем үшінкішкентай жаңалығын дардай ғып тамсануға ғана жарайды.

Нұрболдың көрмеге қойылған суреттерін а деп кіргенде түсінбейсіз. Әрине,мен қарапайым көрермен ретінде айтып отырмын. Жағалай келе «Абайдың бөлмесі»картинасы ұзақ қараңқырып қаласыз. Төрде тұрған Абайдың ескерткіші. Жан-жағындағышкаф сөрелерінде әр замандағы ғұламалардың бюстері. Арасында адамдардың бассүйегі. Абайдың ар жағынан қаптап келе жатқан қара түнек хәкімнің жүзін жабабастаған.

Осы суреттің маңына топтасқан бір топ суретшілер мен журналистерәңгімелесіп тұрғанда, мен де сұрадым. Картинадағы Абай ескерткіші ­– Абай.Сөрелердегі бюстар ақын оқыған ғұламалар, бас сүйектер — біз білмейтін, бізгежетпеген данышпандар. Ал арғы жақтан жауып келе жатқан қараңғылық –сауатсыздық, қазіргі жаппай ғылымға, оқуға қызықпау. Яғни, құндылықтарымыздыұмыту.  

Айтқандарына жалпы түсінгенім осы. Ал бір сурет ормандағы Кенесарынабейнелеген. Орманға сіңіп бара жатқан Кенесарының атының басы көрінбейді.Үстінде өзі лыпасыз, басы жоқ. Бұл тым болмаса Кенесары өлгенде киімі бар еді,біз оны басын қайтармақ түгілі киімсіз де қалдырдық деген сөз емес пе екен?!Кім біледі…

Енді бір суреттер циклы – «Құдайды іздеу», «Цензура». Суретшілермен көрменітамашаласаңыз, олардың да өз айтары бар. Былай қарғанда автор дүниені дезерттеп, өзін де іздеп жүргендей көрінді.

Біз үшін оның суреттері үлкен жаңалық болды. Ал әлем үшін ше?..

Фото автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз