Видео

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Синоптиктер дүйсенбі, яғни 20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

 

«ҚР территориясында тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ, дауыл болады. Республиканың батысында, солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола облысының басым бөлігінде найзағай болады, облыстың солтүстігінде батысында бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзғай, батысынйы: да шаңды дауыл болады,  батысында, шығысында, таулы аудандарда жел 17-22 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей уақытында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ, батысында, солтүстігінде шаңды дауыл болады, облыстың батысында, таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады, солтүстік жартысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай, солтүстік-батысында жел 18 м/с күшейеді.

Қостанай облысының батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады, батыста, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ болады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында дауыл, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай болады, күндіз солтүстік-шығыста, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м / с күшейеді, таңертең және күндіз оңтүстікте, орталықта найзағай, дауыл, күндіз солтүстікте шаңды дауыл болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз