Шолу

Бүгінгі «ЖАС АЛАШТА»:  Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ: Бүйтіп қорлағанша, мені атып тастасын...

«Жас Алаштың» 77-санына шыққан кей мақалаларынан үзіндіҚазаққа емес, өзбек пен қырғызға қонақ көп келедіҚазір туризм деген саланы түсіну тіптен қиын болып кетті.

Бүгінгі «ЖАС АЛАШТА»:  Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ: Бүйтіп қорлағанша, мені атып тастасын...
Шындығын айтқанда, соңғы жылдары туризмнің «тимеген байы» жоқ, шықпаған төбесі жоқ. Әр қожайынға бір жалбақтаймын деп тірлігінде береке қалмай барады.Бітпейтін реформаҚасымовтың жағдайы жақсарғаннан халыққа не пайда?Қазақстан полициясында тағы да реформа… Енді ішкі істер департаменттері полиция департаменттері болып қайта құрылмақ. Ал жергілікті полиция қызметі бұрынғы міндеттері мен функцияларын сақтай отырып, құрылымдық бөлімше құқығымен олардың құрамына енгізіледі.БопсаЕрежесіз жекпе-жек, жөн-жосықсыз ақша жинау«Әкімдік 90 жылдыққа деп мұғалімдерден 1000 теңгеден жинап алды. Кешегі өткен ережесіз жекпе-жекке 500 теңгеден билет сатылды. Оның денін бюджеттік қызметкерлер алды. Мұғалімдер осы жөнінде бізге де айтқан. Алайда олар ашық арыздануға жүрексінеді»Айтайын деп айтпайыңШәміл ӘБІЛТАЙ, күйші:Арыстанбек Мұхамедиұлы Құрманғазыны ойыншық қылып отыр«Құрманғазы ауданының әкімімен сөйлестім. Олар да қолдап отырған жоқ. Өйткені 190 жылдығы кеше ғана өткен, 2023 жылы ғана тойлаймыз деп отыр. Ал мына министрлік қасарысып биыл өткіземіз дейді. Себебін білеміз ғой… Бұл жерде бар мәселе ақшаға келіп тіреледі. Анау күні ғана премьер ескерту жасады ғой, 11 миллиард теңге игерілмеген деп. Бұл соны осылай игермекші».КүнделікТұрсын Жұртбай: Ибраһим пайғамдар да өтірік айтыптыСөйтсем, ИбраҺим пайғамбардың өзі Алланың атымен үш рет өтірік айтып, үш ретінде де Алланың кешіріміне ие болыпты. Бұл Абайдың әлгі «қылыш үстінен серт жүрмейді» деген адамды күнәға жатқызған жағдайымен ұқсас.Ашық әңгімеТұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ, халық әртісі:Бүйтіп қорлағанша, мені атып тастасын...«Кімнің ұйымдастырғанын білеміз» деп, менің есімімді тұспалдап айтқандарын білемін. Ашық айтқан жоқ. Ашық айтса сотқа беретін едім, әрине. Ойларынша, мен сондай сұмдық адам екенмін: анаған параны алдыртамын, мынаған бергіздіремін, сосын ана жаққа звондаттырамын, сөйтіп, спектакль қоямын, мен керемет режиссер екенмін. Шындығында, менің одан хабарым жоқ мүлде, мен өзіммен-өзім жүрген адаммын. Егер ондай спектакль ұйымдастырғыш болсам, ең әуелі өз басымдағы бәле-жаладан құтылып кетпеймін бе?! Бір жағынан, ол – менің министрдің табанын жалауға дайын жүрген шәкіртім.СпортӘлемдік деңгейдегі қазақ бапкері: Бауыржан Тахауов    .… Бауыржанның параволейболға келуінің өзі –  тағдырдың сынағы. 1990 жылы күзде Маңғышлақ теміржол стансасындағы түнгі кезекшілік кезінде оң аяғы пойыздың астында қалып, тізеден кесілді. Сол апат кезінде оң бармағынан да айырылып қалды. Жиырмадан жаңа асқан жігітке бұл жағдай оңай соққан жоқ.Қойшы баланың бақыты    Міне, ешкі баққан сол кішкентай бала арада отыз жылға жуық уақыт өткенде әлемнің үздік футболшысы болып танылды. Қарға бойлы Лука биылғы жылы нағыз футбол қаһарманына айналды. Ол «Реал» сапында Чемпиондар лигасын төртінші рет жеңіп алды, Ресейде өткен әлем чемпионатында әлемнің вице-чемпионы атанды, әлемдік доданың ең үздік футболшысы болып танылды. Енді, міне, әлемнің үздік футболшысы! Құрметті оқырман, жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:Сілтемені zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.  
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз