Оқиғалар

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша шектеу қойылды

Өрт қаупінің жоғары болуына байланысты Бурабай ұлттық паркіндегі Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу енгізілді.

Бурабай, туризм

Ақмола облысының iKomek қызметінің хабарлауынша, бұл шара табиғатты қорғау және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

"Бурабайдағы Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу қойылды. Бұл шара табиғатты қорғау және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сапар бағытын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

17 маусым күні ұлттық парктің аумағында орман өрті тіркелді. Өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болған еді. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз