Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:51, 20 Мамыр 2024

Бұрынғы қаржы министрі Тоқаевтың кеңесшісі болды

с
Фото: из открытых источников

Бұрынғы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президент Тоқаевтың кеңесшісі болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Тиісті Жарлыққа дүйсенбі күні қол қойылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігін 2020 жылдың мамырынан 2024 жылдың ақпанына дейін басқарды. 2022 жылдың наурыз айынан бастап ол аталған қызметті Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қатар атқарды.

2024 жылдың ақпанында Жамаубаев министрлер кабинетінен кетіп, орнына Мәди Тәкиев Қаржы министрі болып тағайындалды.

Фото: Қаржы министрлігі