Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:45, 19 Желтоқсан 2024

Дамасктегі белгісіз екі зиратта 100 мың адамның денесі көмілген болуы мүмкін

Дамаск бейіт
Фото: Фото: Reuters

АҚШ-тың бұрынғы арнайы өкілі Стивен Рапптың айтуынша, Сирияда Башар Асад режимі кезінде кемінде 100 мың адам өлтірілген немесе азапталған.

Сирияда Башар Асад тұсында 2013 жылдан бері 100 мыңнан астам адам азапталып немесе өлтірілген болуы мүмкін. Оны Reuters агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың әскери қылмыстарды тергеумен айналысатын бұрынғы елшісі Стивен Рапп айтты.

Ол бұған дейін Дамаск маңындағы Кутайфа мен Наджа зиратына барған.

 «Бізде, әрине, 100 000-нан астам адам жоғалып кеткен және олар азапталып өлтірілген. Біз нацистік дәуірден бері мұндайды көрген емеспіз», - деді Рапп.

Ол бұған дейін Руанда мен Сьерра-Леонедегі соғыс қылмыстары трибуналдарында айыптауды басқарған және қазір сириялық азаматтық қоғамға Асад режимі жасаған әскери қылмыстарды дәлелдеуге және ықтимал сот процестеріне дайындалуға көмектесуде, деп жазды Reuters.

 АҚШ-та орналасқан Сирияның төтенше жағдайға жауап беру тобын басқаратын құқық қорғаушы Муаз Мұстафа журналистерге тек Кутайфада кемінде 100 000 мәйіт жерленген.

WSJ: Асад отбасының құны 12 миллиард доллар болуы мүмкін

Бүкіл Сирияның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2021 жылы небәрі 8,98 миллиард долларды құрайтынына қарамастан, Башар Асад отбасының активтері 12 миллиард долларға жетуі мүмкін. Бұл туралы 15 желтоқсанда америкалық The Wall Street Journal хабарлады.

Башар Асад пен оның әкесі Хафез туыстарының көмегімен байлығын шетелде жасырған, деп атап өтті WSJ.

Тегтер: