Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:11, 30 Қараша 2023

Депутат 2024 жылды «Зорлық-зомбылыққа қарсы жыл» деп жариялауды ұсынды

Тамара
Фото: из открытых источников

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ұсыныстарын Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

«Елді елең еткізген соңғы хабарлар қоғамдық сананы дүр сілкіндірді. Осы қорқынышты жаңалықтар ізімен харассмент оқиғалары да тез тарады. Жақында Астана медицина университетінде профессор-оқытушының студентке жасаған жыныстық қысым фактісі анықталды. Осыдан кейін әлімжеттік көрген студенттер өз оқиғаларын әлеуметтік желіде бөлісе бастады. Жеке өзіме әртүрлі оқу орындарының студенттерінен 100-ден аса хат келіп түсті.

Жыныстық қысымға ұшыраған елордалық бойжеткеннің ісімен танысып, бұл салада кемшіліктердің көптігіне анық көзіміз жетіп отыр. Дәл бүгін еліміздің оқу орындарында қанша харассмент оқиғасы болғанын дөп басып айту қиын. Себебі статистика жүргізілмейді. Ал заңда харассмент ұғымы атымен жоқ. Жалпы зорлық-зомбылықтың қай түрін болсын, харассментті де қатаң қарап, заң жобасына бірқатар өзгерту мен толықтыру енгізу қажеттілігі туындап отыр», - дейді ол.

Депутат мынадай ұсыныстар айтты:

  • харассментке қатысты анонимді сауалнаманы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында тәуелсіз түрде өткізуді;
  • профессорлық-оқытушылық құрам мен барлық студент қыздарға харассментке қатысты заңнамалық-құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;
  • барлық жоғары оқу орындарының Жарғысына харассмент туралы нақты ережелер енгізуді сұраймыз!

Оның мәліметінше, Бас прокуратураның деректері бойынша 2023 жылдың 10 айында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 85 әйел қаза тапқан.