Қоғам

Депутаттар бензин сапасына қатысты мәселе көтерді

Құрылтай депутаты, ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рахымжанов АИ-95 және АИ-98 маркалы бензиннің сапасына қатысты азаматтардың шағымдарын көтеріп, премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.

бензин мен дизель

Депутаттың айтуынша, сапасыз жанармай көлікке айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бензин құйғаннан кейін форсункалар, ұшқын білтелері, катализаторлар және басқа да қымбат бөлшектер істен шығатын жағдайлар кездеседі.

Рахымжанов 2026 жылы жүргізілген тексерулердің нәтижелерін де келтірді. Алматыда АИ-100 ретінде сатылған жанармайдан күкірт мөлшері рұқсат етілген нормадан үш еседен астам жоғары болған. Ал Қызылорда облысында АИ-95 деген атаумен АИ-92 бензині сатылғаны анықталған.

Депутат жанармай сапасы мұнай өңдеу зауытынан шыққан кезде ғана емес, оны тасымалдау, сақтау немесе жанармай құю станциясында да төмендеуі мүмкін екенін атап өтті. Ал көлік иесіне ақаудың дәл сапасыз бензин құйғаннан кейін пайда болғанын дәлелдеу қиын.

«Мемлекет бензиннің сапасына зауыттан шыққан сәтте ғана емес, әрбір көлік иесінің багына құйылғанға дейін кепілдік беруі керек», – деді Асхат Рахымжанов.

Осыған байланысты Үкіметке жанармай құю станцияларына тосын тексерулер жүргізу, отынның әр партиясын өндірушіден бастап АЗС-ға дейін бақылау, тексеру нәтижелерін ашық жариялау және сапасыз бензиннен зардап шеккен көлік иелерінің жөндеу шығынын өтеу тетігін әзірлеу ұсынылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз