Қоғам

Депутаттарға мінберді жеке мақсатына пайдалануға тыйым салынды

«Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заң жобасында халық қалаулыларының мінез-құлқына қатысты жаңа талаптар ұсынылған. Құжатта депутаттарға отырыс барысында жеке мәселелерді көтеруге шектеу қойылады.

Мәжілісі

Жобаға сәйкес, депутаттар көпшілік алдында сөйлегенде тек расталған деректерге сүйенуі тиіс. Егер жалған ақпарат таратқаны анықталса, ол депутат зардап шеккен тараптан ресми түрде кешірім сұрауға міндеттеледі.

Сонымен қатар, әріптестерінің сөзін ашық сынауға немесе оған пікір білдіруге де шектеу енгізіледі.

Белгіленген тәртіпті бұзғандарға бірқатар санкциялар қарастырылған: ескерту жасау, көпшілік алдында кешірім сұрату, бірнеше отырыста сөз бермеу, залдан шығару немесе бір күндік жалақысын ұстап қалу.

Егер депутат дәлелсіз себептермен үштен астам отырысқа қатыспаса, сол күндер үшін жалақы төленбейді. Ал бір айдан артық жұмысқа келмеген жағдайда, жалақымен бірге іссапар шығындары, жол ақысы, қызметтік көлік пен медициналық жеңілдіктер де тоқтатылады.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс отырысында сөз алған депутат Ардақ Назаров анасын туған күнімен құттықтағаны үшін қоғам сынына ұшыраған еді. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз