Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:02, 28 Ақпан 2024

"Директор қызметінен босатылды": Алматыда мектеп оқушылары дәлізге сыймай қалған

Алматы
Фото: из открытых источников

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы мектептердің бірінде оқушылардың дәлізде қысылып, сыймай жатқаны түсірілген видео тарады. Артынша бейнежазбаға Алматы қалалық білім басқармасы жауап беріп, білім ордасының директоры қызметінен кеткенін айтты.

"Жобалық қуаты 870 орынға есептелген мектепте екі ауысымда 1426 оқушы білім алады. Білім ордасындағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2023 жылы "Самғау-2" шағын ауданында 2000 орындық "Комфорт" мектебінің құрылысы басталды. 27 ақпан күні екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар қарасы көбейіп кетті. Оның себебі – оқушылардың киімін ауыстыру үдерісінің дұрыс ұйымдастырылмауы", - делінген хабарламада.

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, білім ордасында бұрын соңды мұндай жағдай болған емес. Зардап шеккендер жоқ.