Баған

Досым Сәтбаев: Билік сайлау нәтижесін бұрмалап, өзін-өзі алдады

Саясаттанушы, Тәуекелдердібағалау тобының жетекшісі Досым Сәтбаев сайлау мен онан кейінгі оқиғалар Қазақстанқоғамы өзгергенін көрсетті дейді.

Досым Сәтбаев: Билік сайлау нәтижесін бұрмалап, өзін-өзі алдады

Әзірге елде наразылық танытып жүрген топтарәр алуан, олардың басы бірікпеген. Бірақ ерте ме, кеш пе, бұл топтардың басынбіріктіретін көшбасшы шығады.

Д.Сәтбаевпен президент сайлауыныңқорытындысы, ескі және жаңа оппозиция, билік транзиті жөнінде әңгіме өрбіттік.

Назарбаев Каримовтыңкебін құшқысы келмеді

– Досым,  әуелі президент сайлауыжайлы әңгіме өрбітсек. Сырт көзге бәрі дұрыс сияқты: елді 30 жыл бойы басқарғанбірінші президент Н.Назарбаев алғаш рет сайлауға түспеді. Есесіне додаға бақандай жеті кандидат тіркелді, сайлауғабұрын-соңды мұнша үміткер қатысып көрмеген-ді. Үміткерлер арасында әйел адам және 16 пайыздан астам дауыс жинаған саясаткерде бар. Сонда бұл шын мәніндегі бәсекелі сайлау ма, әлде көзбояу ма?

­– Әрине, бұл – көзбояу. 19 наурыз күні бірінші президентқызметінен кететінін жария еткенде, Н.Назарбаев билікте қала беретінін жазғанедім. Әу бастан-ақ қазіргі билікте жүрген топтар 19 наурыздан кейін қандай дабір өзгеріске ұмтылып, өзгеріс жасайды дегенге сенбедім. Жүйені құрған адамдарсол жүйені өзгертіп, түлетіп, оған қан жүгіртпейтіні анық. Сондықтан сайлауөтетінін жариялау бір бөлек те, шынайы, әділ сайлау өткізу мүлде басқанәрсе. 

Билік бұлсайлауға өте жақсы дайындық жасады. Жеңімпаз кім болатыны күнібұрын белгіліболды. Әкімдер мен сайлау комиссияларының төрағалары тапсырмалар алды. Қысқасы,бұл сайлау әу бастан-ақ қатысушылары алдын ала сайланып қойылған саяси қойылымеді.  Сондықтан қандай да бір оқыс,күтпеген оқиға болмайтыны екібастан белгілі болды. Дей тұрғанмен 19 наурыз күніН.Назарбаев қызметінен кеткенде халық қандай да бір өзгеріс болар, жылымықкелер деп сенді, қатты үміттенді. Бірақ жылт еткен үміт ертесі күні Тоқаевастананың атын ауыстыруды ұсынғанда өшті. 

Халықтың үмітіҚосанов сайлауға үміткер болып тіркелгенде қайта оянды. Жұрт жүйе бәрібір мүлткетеді, шалт басады дегенге сенді. Бірақ жүйенің шалыс баспайтыны анық еді,өйткені билік бұл сайлауға бірнеше жыл бойы дайындалды. Сайлау өтпей тұрып-ақазаматтық қоғам бұл сайлаудан күнібұрын жеңіліс тауып, түпкі нәтижеге қол жеткізбейтінінайттым. Дегенмен азаматтық қоғам енді келесі сайлауға дайындықты бастау керек.

Азаматтық қоғам неге жеңілді? Өйткені билік сайлауғаосыдан кемі үш жыл бұрын қамдана бастады. «Нұр Отан» партиясының съезіндеТоқаевтың кандидатурасын ұсынған Н.Назарбаевтың өзі билікті тапсыру жайлы үшжыл бұрын ойлана бастағанын айтты. Демек, ол 2016 жылдан бері қамданған. Ал2016 жылы көршілес Өзбекстанды басқарған Ислам Каримов көз жұмғаны белгілі.Яғни И.Каримовтың кебін құшқысы келмеген Назарбаев осы кезде биліктіңмұрагерлікпен ауысуын бақылап, жүйенің үстінен қарайтын ойыншыға айналудыңқамын жасай бастады. Сөйтіп, сайлау өткізу үшін плюрализм иллюзиясын жасады,белгілі бір кандидаттарды додаға шығарды, арасына әйел адам қосты. ТіптіӘ.Қосановты тіркеді. Осының бәрін елде демократиялы сайлау өтті деп әспеттеуүшін жасады.

Десек те, мұныңбәрі ескі әдістермен іске асырылды. Бірінші президент қызметінен кетті, бірақөкілетін сақтап қалды. Дей тұрғанмен ескі әдет, Назарбаев белгілеген ойынережесі – бәрі баз-баяғы қалпында қалды. Ол сайлау кезінде де, оған дайындықкезеңінде де анық көрінді. Мәселен, үміткерлерді тіркеуді алайық. Сайлауғамемлекеттік қызметте бес жыл істеген, республикалық бірлестіктер мен саясипартиялар ұсынған үміткерлер ғана кандидат ретінде тіркеле алды. Демек, билікең алдымен конституциялық заңдарға өзгеріс енгізіп, дайындық жасады. Сайлауалдынауқанында ұйымдастырылған теледебатты демократияға жасалған қадам депкөрсетті. Бірақ билік партиясының үміткері мен өзге екі кандидат дебатқақатыспады. Яғни билік қанша жерден сайлау процесіне мықты реформа жасалды депәспеттегенімен, айналып келгенде, бұл сүрлеуі ескі соқпақ екені анық еді.Өйткені билік әу бастан бәрін бақылауда ұстағысы келді. Әлдене бақылаудан шығыпкетсе болды, билік ескі әдістерге жүгінді. Бұл митингілер мен  шерулерден анық білінді. Жұртпен диалогорнату орнына қысым көрсетіп, ұстады.

Енді мынақызықты қараңыз. Өркениетті елдерде сайлау учаскелері ашыла салысыменжабылғанға дейін  сайлаушылардың кімгедауыс бергенін анықтайтын экзитполдар емін-еркін жұмыс істейді. Ал Қазақстанда экзитполөзгеріске ұшырады. Билік оның да көзін құртты. Билікке тәуелді екі ұйымғаэкзитпол жасау тапсырылды, ал әлгі ұйымдар мәліметтерді сайлау біткен соң ғанажария етті. Бұл ­– миға қонбайтын дүние, экзитпол олай жұмыс істемеуі керек.Бірақ билік бұл жерде де экзитпол арқылы сайлауды бақылап, ескі әдіске салды.

Дегенмен билікбұл жерде бір нәрсені ескермей қалды. 19 наурызда халықты билеген үміт артыншакөңіл қалушылыққа ұласса да,  жұртбәрібір өзгеріс жасауға құлшынды. Сөйтіп, сайлауды бақылауға кірісті. Қолдан экзитпол жасап қойған билік сайлауучаскелерін тәуелсіз бақылаушылар қадағалайды деп күтпесе керек. Бұлбақылаушылардың партияларға да, сайлауға түскен кандидаттарға да қатысы жоқ.Сөйтіп, көптеген бақылаушылар билік жойған экзитполдың жұмысын атқарды. Сайлауучаскелеріне қанша адамның келгенін бақылап, соңында өздері бақылағанучаскедегі дауыс беру нәтижесін жария етті. Бұл билік үшін күтпеген оқиға еді.Инаугурацияны тез арада өткізуге тырысқаны содан. Арасы ұзап кетсе, қоғамсайлаудың шынайы нәтижесін жариялауды талап етеді деп сескенеді.

 Тоқетері, сайлаубилік қалаған сценарий бойынша өткенімен, 19 наурыз бен одан кейінгі оқиғаларқоғамды өзгертті. Билік мұны әзірге түсіне қойған жоқ. Бұған дейін сайлауғақатыспаған, саясатпен мүлде ісі болмаған жұрт саясатқа қызыға бастады, жүйеніқалай өзгертсек, өзгеріске қандай үлес қоссақ деп жүр. Бұл – қоғамдық санадасілкініс болды деген сөз. Біреу мұны митинг, енді бірі сайлауға бойкот жариялауарқылы іске асырамын десе, басқа топ сайлауды бақылауға атсалысты. Бірақәртүрлі әдіске жүгінген бұлардың ортақ мұраты – жүйені өзгерту.

Наразы топтардан жаңакөшбасшы шығады

­– Сарапшылар бұл сайлау халықаралық қауымдастық пен қоғам алдында биліктімұрагерлікпен ауыстыруды заңдастыру үшін жасалғанын айтып жүр. Назарбаевтың саясатынжалғастырамын деген мұрагер Қ.Тоқаев 70 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіскежетті. Яғни бұл сайлау, бір жағынан, халықтың Назарбаев саясатын қаншалықтықолдайтынын көрсетуі тиіс еді. Дегенмен сайлау күні және оның ертесінде Алматымен астанада наразылық шаралары өтіп, оған жүздеген адам қатысты. Бұл ненікөрсетеді? Сайлау биліктің мұрагерлікпен ауысуын заңдастыра алды ма?

– Билікке «әйтеуір, сайлау өткіздік» деген ат қана керек.Билікті сайлау процесінің легитимдігі қызықтырмайды. Өйткені легитимдікастарында билікке сенім жатыр.  Биліктіхалық сенімінен гөрі қоғамды бақылауда ұстау көбірек қызықтырады. Сайлаудыбақылау жүйесінің бір бөлігіне айналдырғаны содан. Ал сайлау туралы жазғанхалықаралық ақпарат құралдарын қарасаңыз, сайлау туралы емес, митингілер менұстаулар жайлы хабар таратқан. Демек, билік қанша жерден халықаралыққауымдастық алдында әділ сайлау өткіздік деп тыраштанса да, иландыра алмады.

Сосын, Тоқаевжинады делінген 70 пайыз дауысқа келейік. Бұл жағдай кезінде  Назарбаев жинаған 90 пайыздан астам дауыстыайна-қатесіз қайталайды. Сонда бұл шынайы көрсеткіш екенін қайдан білеміз, негесүйенеміз? Билік жанындағы ұйымдар жүргізген экзитпол немесе орталық сайлаукомиссиясы жария еткен түпкілікті нәтижеге сүйенеміз бе? Сайлауды бақылайтыншынайы құралдар, тетіктер жоқ жерде әлгі пайыздық көрсеткіштің бәрі легитимдібола алмайды.

ТіптіӘ.Қосанов 16 пайыз дауыс жинады деген күннің өзінде, бұл Тоқаевқа қарсылардыңүні екені белгілі. Қосановқа дауыс берген көпшілік сол арқылы Тоқаевқақарсылығын білдіргені түсінікті. Біле білгенге 16 пайыз – наразы халықтың өзікәдімгідей көрсеткіш. Ал егер Қосановқа одан да көп, мәселен, 30-40 пайыз дауысберілді десек, онда елдегі халықтың жартысын наразылық көңіл күй биледі дегенсөз. Ал енді мұны не үшін айтып отырмын? АҚШ ғалымдары өткен жылдың аяғы, биылдыңбасында әртүрлі елдегі революциялық көңіл күйді зерттеді. Сол зерттеудеҚазақстанда қандай жағдайда революциялық көңіл күй пайда болатыны қамтылды. Бұғандейін егер елдегі халықтың 50 пайыздан астамы өзгерісті қаласа, бұл жүйеніауыстыруға түрткі бола алады делінді. Бірақ әлгі АҚШ ғалымдары зерттей келе,«Қазақстанда өзгеріс жасау үшін  халықтың бар-жоғы 25 пайызы сол өзгерістіқаласа жеткілікті» деген қорытындыға келді. Қосановқа шын мәнінде 30 пайыздауыс берілді десек, онда өзгерісті қалаушылар 25 пайыздан асып кетті дегенсөз. Осының өзі қоғам өзгергенін көрсетеді.

Билік сайлаунәтижесін бұрмалап, өзін-өзі алдады. Басын құмға тыққан түйеқұс құсап өзінжарға апарып жығатын нәрседен бойын аулақ салып, бетін жылы жауып қоя салды.Билік бүгінгі ахуалды бақылауда ұстап отырмын дейтін шығар, бірақ шын мәніндеол болашақтағы ахуалды уысынан шығарып алды. Неге десеңіз, қоғам қатты өзгеріпжатыр, билік енді ескі әдіс-тәсілдермен жұмыс істей алмайды. Тіпті Қосановбиліктің саяси технологияларының жобасы десек, бұдан билік не ұтты? Сайлауданкейін Қосановтан көңілі қалған жұрт сабақ алды, саяси тәжірибе жинады. Оларенді аңқау, аңғал болмай, сараптап, шынайы ахуалды байқап барып қимылдау керекекенін ұқты.

– Сайлау күнгі митингілер мен 10 маусым күні Алматыда айтыс ақыны РинатЗайытовтың қолдаушыларын күштеп таратқанға қарағанда, билік ескі әдістерден бастартқысы жоқ. Ал мұның арты неге апарып соқтырады?

– Биліктің қазіргі кездегі артықшылығы неде? Біріншіден,наразы күшпен салыстырғанда билік біртұтас, әртекті емес. Өйткені билік өзінеқауіп төнсе, бірігіп, қандай да бір наразылықты басып тастауға дайын. Ал наразыкүш біртұтас емес. Оны сайлау кезіндегі үгіт-насихат та әйгіледі. Оппозицияныңбір бөлігі Қосановты қолдаса, енді бірі оған қарсы шығып, бойкотты жақтады.Сөйтіп, оппозиция арасына жік түсті. Ал бұл билікке наразы электоратты бөліп-жарды.  Түптеп келгенде, бұдан билік қана ұтты.

Наразы күштер жік-жікке бөлінген, әртекті екенін көріп-біліпотырмыз. Әркімнің төңірегіне топтасқан қарсылық топтары әзірге өз бетіншеқимылдап жатыр. Мәселен, Ринат Зайытовтың қолдаушылары қазақтілді аудитория. Аленді «Oyan, Qazaqstan» қозғалысын негізінен орыстілділер жақтайды. Елде осындайнаразы топтар көп. Алайда олардың басы бірікпеген.  Ал бұл билікке өте тиімді, әр-әр жерде қылаңберетін қарсылықты басып тастап жүр. Әзіргебилік бәрін бақылауда ұстап отырмыз деген тәтті қиялдың жетегінде жүр. Бірақ,меніңше, ерте ме, кеш пе, бұл наразы топтар бірді-екілі көшбасшының төңірегінетоптасуы мүмкін. Яғни осы наразы топтарды соңынан ертіп, басын біріктіре алатынкөшбасшы бәрібір пайда болады.

Әлемдік тәжірибежұрт белгілі бір партия, партияның бағдарламасына емес, белгілі бір көшбасшыныңсоңынан еретінін көрсетті. Демек, жұрт сүйкімі бар тұлғаның төңірегінетоптасады. Мысалы, армяндар Пашинян, грузиндер Саакашвили, украиндарЗеленскийдің соңынан ерді. Билік қанша жерден бұған кедергі келтірсе де, наразытоптардан көшбасшы болғысы келетін адамдар шыға бермек. Бәлкім, болашақта осыадамдар арасынан өз жақтастарын ғана емес, өзге топтарды ерте алатын адамшығатын шығар.

Ескі оппозицияның дәуірі аяқталды

– Қазір сондай көшбасшы болуға лайық адам бар ма?

 – Меніңше,Макс Боқаев көпшіліктібіріктіріп, топтастыра алатын көшбасшы бола алатын еді. Қазақстандағы наразылық сан жағынан ғана емес, сапа жағынан даөседі. Бірақ ол наразылықта белгілі бір саяси технологиялар қолданылуы шарт.Егер сайлауға бойкот жариялауды саяси технологиялар  тұрғысынан жасап, әбден жете ойластырғанболса, ол жемісін берер еді. Я болмаса Ә.Қосанов сайлаудан кейін бұғып, айныпқалмай, көпшілік күткендей дұрыс әрекет еткенде, онда билік ойының быт-шытыншығарар еді. Қосановтың айлакерлік танытып, биліктің өзін алдап соғатын тамашамүмкіндігі болатын. Биліктің мәмілесіне келіскендей кейіп танытып,  тіркеліп алған соң, өз ойынын бастауы керекеді. Биліктен әділ сайлау талап етіп, сайлаудағы бұрмалауларға қарсы шықса,биліктің өзі тығырыққа тіреліп, оған қарсы амал таппай қалар еді. Сондабиліктің қудалау, репрессиядан басқа қолданар әдісі қалмас еді. Ал оғанжүгінсе, бұл жалпыұлттық наразылыққа ұласар еді.

– Бірақ Қосанов ол мүмкіндікті, өкінішке қарай, мүлт жіберді.

– Қосановтың сайлауалды науқанындағы біріншімәлімдемесіне қарап-ақ оның сайлауда жеңіске жеткісі келмейтіні анық аңғарылды.Оның Тоқаевқа қарсы шығатын ойы болмады. Тіпті Тоқаев қатыспаған дебатқа баруыкөп нәрсені аңғартты, ол «Тоқаев қатыспайтын дебатқа мен де қатыспаймын» депашық айтса, ешкім тонын шешіп алмас еді. Алайда билік ойынына қосылып кетті. Ол жүйе ішіндегі оппозиция болғысыкелді. Бірақ жүйе ішіндегі оппозиция деген – бос қиял, ондай оппозиция болуымүмкін емес. Қосанов билікпен жасалған ымыра оған билікте қалуға мүмкіндікбереді деп ойлайды, басты қатесі де сонда. Ойынға оп-оңай қосып алғаны тәріздіоп-оңай шығара салады. Жүйенің ішіне кірген қаншама оппозициялық саясаткеркелмеске кетті.

Меніңше, 19 наурыз бен 9 маусым аралығындағы оқиғалар ескі оппозицияныңкүні келмеске кеткенін, дәуірі аяқталғанын көрсетті. Әрине, оның орнын басатын күш әзірге жоқ болғандықтан,бос саяси кеңістік пайда болды.  Бірақкөп ұзамай жаңа оппозиция өсіп шығады, қазірдің өзінде біртіндеп шығып жатырда.

– Ескі оппозиция туралы сөз қозғаған соң, есіме маған 2011 жылы бергенсұхбатыңыз түсіп тұр. Сол тұста ерте ме, кеш пе, оппозицияның жұлдызды сәтітуады деп айтқан едіңіз. Алайда оппозиция сол мүмкіндікті пайдалана алмадынемесе билік соған жол бермеді.  Осыжолғы сайлауда да оппозиция біріге алмай, жік-жікке бөлініп кетті.  Оппозицияның бірігуіне не кедергі келтірді?

– Саяси эволюция тұрғысынан қарағанда ескі оппозиция өзінежүктелген міндетті атқарып бітті. Тіпті жік-жікке бөлініп кетсе де, оппозицияөкілдері белгілі бір пікірталас алаңын құрды, қоғамдағы талқылауларға ұйытқыболды. Меніңше, оппозицияның бірігуіне ең алдымен жеке бастың қарым-қатынасыкедергі келтірді. Партиялардың бөлінуі, жеке бастың араздығы оппозицияны біріктіреалмады. Солардың орнын басатын жаңа оппозиция осыны ескеруі тиіс.

Екіншіден,оппозицияның бірігуіне билік кедергі келтірді. Арандатып, алдап соққан кезіболды. Оппозицияның тәжірибесі көбірек болса, осы сайлауда бірігіп, бірыңғайплатформа қалыптастыра алса, бұл да ауыз толтырып айтарлық нәтиже еді. Сайлау қорытындысынаәсер етпесе де, жастарға эстафета ұсынып, жол берер еді. Өйткені қазір саясаталаңына шыққан жастар өзгеріске құштар болғанымен, тәжірибесі жоқ. Ал оларғажөн сілтейтін аға буын жоқ.

Қазақстандағыкүштерде әбден кесіп-пішілген әрекеттен гөрі кенеттен, табан астында жасалатынәрекет басым. Бірақ саяси күшке айналу үшін алдымен инфрақұрылым жасалуы керек.Арменияда Пашинян жоқ жерден шыққан жоқ. Көп жыл бойы жақтастар жинап, өзқұрылымында жұмыс істеді. Сөйтіп, билік елді бұрынғыша басқара алмай қалатыноңтайлы сәтті күтті. Зеленский де аяқастынан пайда болған жоқ. Үш-төрт жылбұрын оның бет-бейнесін, образын қалыптастыра бастады. Элита, бизнеспен жұмысістеп, келіссөздер жүргізді. Бізде сондай ұзақ мерзімге арналған жоспар, жетеойластырылған іс-әрекет жоқ. Табан астында атып шығу ғана бар. Бірақ саясаталаңында ондайдан қашу керек.

– Ескі оппозицияның орнын қандай бағыттағы күштер басуы мүмкін?

– Ұлттық-патриоттық алаң белсенді болып қала бермек.Билік осыны жақсы түсінеді.  Ұлттық-патриоттықкүштің бір өкілі – Ә.Қосановпен келісімге барып,  сайлауға түсіргені содан. Бірақ оныменпарламентке кіру жөнінде келісім жасалған-жасалмағаны белгісіз. Десек те, беделденайырылған соң, енді ол бос қиял. Ұлттық-патриоттық алаң да әзірге әртекті,жік-жікке бөлінген.

Діни алаңәзірге өзін ойыншы ретінде көрсете қоймаса да, кейін белгілі бір күшкеайналады. Қырғызстан бізге географиялық тұрғыдан да, менталдық жағынан дажақын. Міне, сол Қырғызстанда жаңадан шыққан діни қайраткерлер үлкен рөлге ие. Арасындастадион толы халықты  жинайтынқайраткерлер бар. Бұл қайраткерлер қазір саяси мансап туралы ойлана бастады.Меніңше, Қазақстанда да Назарбаев кеткен соң, дінге басымдық беретінкөшбасшылар пайда болады. Бұдан бөлек, өзін саяси ойыншы ретінде көрсеткісі келетінқала жастары шығып жатыр. «Oyan, Qazaqstan» – соның бірі.

–  Сіздің ойыңызша, сайлаудан кейінгі наразылық шеруі билікүшін күтпеген оқиға ма?

–  Меніңше, билікӘблязов шақырған наразылық акцияларын ғана күтті. Билік халық алаңға шықса,оған Әблязов кінәлі деп есептейді. Ал жұрт көшеге Әблязовті жақтағаннан емес,билікке қарсы болғандықтан шығатынын түсінгісі жоқ. Биліктің басты қатесісонда. Әблязовпен алысып жүріп, оған мүлде қатысы жоқ наразылар шығабастағанын, наразылық алаңы өзгергенін ұқпайды.

Ал Әблязовқа қатысы жоқ жастардың баскөтергені, меніңше, билік үшін күтпеген оқиға болды. Билік жастар саясатқақызықпайды деп өзін де, өзгені де сендіруге тырысты. Тіпті бес жыл бұрын біртоп зерттеуші «Коктейль Молотова» еңбегін жарыққа шығарғанда жастардың саясатқақызығушылығы өсе беретінін болжадық. Бірақ билік мұны теріске шығармақ болып,өз зерттеулерін жасады. Енді, міне, біздің айтқанымыз айдай келді. Әблязовтіңүндеуімен көшеге шығатын жұртты күштеп таратып үйренген билік жастар баскөтергенде не істерін білмей састы.  Сөйтіп,әблязовшілерге қарсы қолданып жүрген үйреншікті әдісті қолданды: күштептаратып, ұстап, әкімшілік қамауға алды.

Алматыдасайлаудың ертесінде көшеде шерулеткен жастарды ешкім бастап шыққан жоқ, олараяқастынан жиналды. Кезінде Алматыда «Прайм плаза» сауда үйінің алдында ҚайратНұртастың концертіне келген жастар да аяқастынан бүлік шығарған еді. Алматыдағышеру де осыған ұқсас. Белгілі бір көшбасшысы, бастаушысы жоқ, аяқастынанұйымдасқан жастар бұл. Былай қарасаңыз, бұлар – Ринат Зайытовты қорғауғашыққан, саясатқа қатысы жоқ жастар. Дегенмен саясатқа қатысы жоқ топ алаңғашықса, мұның арты саяси сипаттағы наразылыққа ұласуы мүмкін. Ол үшін әлгітоптың арасынан көшбасшы өсіп шықса болғаны.

Енді мынақызыққа назар аударар едім: жаңадан шығып жатқан орыстілді оппозиция немесежурналистерді ұстағанда, оларды жаппай қолдап, босатуға шақырған жұрт болмады. Демек, қазақтілді аудиторияның наразылықәлеуеті жоғары. Осылайша қазақтілді аудиторияның билікке көзқарасы түзу, күртөзгерісті қаламайды деген билік тезисінің күл-талқаны шықты. Қазақтілдіаудитория тезірек топтасады, шапшаң бірігеді.

– Неге?

–  Өйткені қазақтілдітоп эмоцияшыл, шын пейілмен әрекет етеді, ал орыстілді топтың іші қайшылыққатолы, бір-біріне күмәнмен қарау басым, бірлігі жоқ. Қазақтілді топ сол себептіөз қаһармандарын қорғап шығады. Ал енді орыстілді топты қараңыз, оппозицияжетекшілері қамалып жатса немесе орыстілді ақпарат құралын қудалап, жауып жатсада, жаппай араша түспейді.

–  Әзірге наразыларды бастап әкететін көшбасшы жоқ дедіңіз.Тоқаевқа қарсылығын ашық көрсетпесе, биліктің өз ішінде жүрген үшінші күштеросы наразыларды пайдаланып кетуі мүмкін бе?

–  Әбден мүмкін. Назарбаевсаяси сахнадан мәңгілікке кеткен соң, элита өз-өзімен қалады. Сол тұста кейбірэлита топтары қоғамдағы наразылық көңіл күйді өз қарсыластарына қарсыпайдалануы мүмкін. Қырғызстан, Армения, Украинада солай болды.

Назарбаевтан кейінгі транзит, ықтимал мұрагерлер мен сыртқы күштер

–   Тоқаев бес жылға президент болып сайланды. Тоқаев бес жылотырмай, биліктен бас тартып, оның орнын сенат төрайымы Дариға Назарбаевабасады деген пікірлер айтылып жүр. Бұл қаншалықты мүмкін?

–  Назарбаев негебірден Дариғаны мұрагер етпеді? Меніңше, мұның екі себебі бар. Біріншіден, элитадағы топтар Д.Назарбаеваны қолдамауы мүмкін еді, ал бұл элита арасына жік түсіреді.Екіншіден, қоғам реакциясы қандай болары белгісіз. Ал Тоқаевтыңбес жылдық мандатына келсек, Назарбаев билікте әлі қанша жыл отырады – бұлсоған байланысты. Егер Назарбаев алдағы бес жылда билікте қала берсе,  онда ол Тоқаевты ұстап қалуға тырысады. АлНазарбаев бес жылда биліктен біржолата кетіп қалса, онда екі түрлі сценарийіске асады. Бірінші сценарий бойынша, элитаның бір бөлігі мен отбасы Тоқаевтықозғамай, президент ретінде сақтап қалуға тырысады. Қанша дегенмен Тоқаевбасқаруға оңай, шалт баспайды деп ойлайды. Алайда саясатта ондайға сену үлкенқате. Алмазбек Атамбаев өзінің мұрагері С.Жээнбеков өзіне қарсы шығады депкүтпесе керек. 

    Екінші сценарийбойынша, Назарбаев өмірден озған соң, элита Тоқаевтан президенттіктен кет депсұрауы мүмкін. Сонда сіз сұрағыңызда келтірген сценарий іске асуы ықтимал.Бірақ бұл жерде мәселе Д.Назарбаеваның президент болу-болмауы емес. Ол бұлжүйені бақылай ала ма, мәселе сонда. Өйткені оның билік басына келуі элитадағытартыс пен қоғамның жік-жікке бөлінуіне әкеп соқтырады.

Элита Тоқаевтанпрезиденттіктен кетуді сұраса, келесі мұрагерді кім белгілейді? Қандай да бірэлиталық топ өз адамын билікке қоюға таласып-тармаса ма? Қазір елде қос билікжоқ. Басты ойыншы – Назарбаев. Дей тұрғанмен Назарбаев пен Тоқаев төңірегіне жиналған топтардың өзара текетіресін байқапотырмыз. Өйткені Тоқаевтың да, Назарбаевтың да өз әкімшілігі бар. Соләкімшіліктің әрқайсысы елдегі басты шешім қабылдау орталығы өздері екенінкөрсетуге тырысып жатыр. Ал Назарбаев кеткен соң, шешім қабылдау орталығы кімболмақ? Тоқаевқа қарсы шығатын адамдар өздерінің шешім қабылдау орталығынқұруға тырысып, әлдебіреудің төңірегіне топтасады. Бәлкім, күштік құрылымдардыңтөңірегіне топтасар. Оның үстіне осы сайлау күштік құрылымдардың ықпалы мықтыекенін көрсетті. Интернетті өшіріп тастап, адамдарды ұстады. Назарбаев кетседе, күштік құрылымдар мықты болып қала бермек. Ал сол күштік құрылымдар кімдіұсынуы мүмкін? ҰҚК төрағасының орынбасары Самат Әбішті ұсынуы ықтимал.

–       Жалпы, Назарбаевтың отбасы бір ойыншы ма, әлде отбасыныңішінде де әртүрлі топтар бар ма?

–      Бір ойыншы емес,оның ішінде әртүрлі ойыншылар бар.  Әрбіройыншының өз топтары бар. Отбасы мүшелерінің төңірегіндегі топтар бір-бірімен араз.Отбасының әлсіздігі сонда. Назарбаев кетсе, отбасы бір ойыншы бола ала ма? Элитатоптары Назарбаев кетсе, отбасы ойыншы болмай қалуы мүмкін екенін түсінеді. Отбасыбиліктің мұрагерлікпен ауысуын барынша ұзаққа созатын адамға мүдделі, сондайадамды ұстап қалуға тырысады. Бірақ ол қолдарынан келмейді. Неге десеңіз,Назарбаев құрған жүйеде бір ғана билікке орын бар. Ондай екі-үш орталық болуымүмкін емес. Қырғызстан президенті С.Жээнбеков осыны жақсы түсінді, А.Атамбаевпенбайланысы бар ойыншыларды әлсіретіп, басты ойыншыға айналудың қамымен жүр. Қырғызстандағыжағдай Қазақстанда да қайталанады. Ұжымдық мұрагер болады деп сендірсе де, бәрібірбіреу өзімен терезі тең ойыншыларды басып озып, бірінші ойыншыға айналудыкөздейді. Әлбетте, бұған өзге ойыншылар сақтықпен қарай бастайды. Өйткеніөзіңмен тең ойыншыларды басып озу үшін не істеу керек? Ең алдымен экономика,қаржы саласын бақылауға алу керек. Елдегі ақша айналымын басқарғанда ғана өзгелердібасқара аласың. Назарбаев жүйені осылай басқарып отыр. Ол топтарды бақылаудаұстап, өзіне адал ету үшін экономикадағы майлы шелпекті әлгілерге үлестіріпберді. Барлық президент солай істеді. Бірақ мына нәрсені ескеру керек:Назарбаев экономикадағы секторларды әртүрлі топтарға бөліп берді.  Демек, Назарбаев кеткен соң, бақылауға иеболғысы келетін қандай да бір топ оның бәрін қайта бөліске салғысы келуімүмкін. Ал бұл талас-тартысқа әкеп соқтырады.

– Бұған сыртқы күштер араласуы мүмкін бе?

– Әрине. АлдыменРесей араласады. Қазақстандағы сайлауды Ресей жіті қадағалады. Егер елді тұрақсыздық жайласа, Ресей өзіне қауіп төнгенін байқаса, Мәскеу, сөзсіз, араласады.Ресейшіл қозғалыстар құрылып, элитаның белгілі бір бөлігіне қарсы шығуы мүмкін.Ақпарат құралдарын осыған жұмылдырады. Украина, Сирияға жөнелткен жекеменшікәскери компанияларды Қазақстанға жіберуі мүмкін.  Қазірдің өзінде Қазақстанда Ресейдіңжекеменшік әскери компаниялары құрылып жатқан болуы ғажап емес. Тіпті осындаРесейді жақтайтын топтар мен көшбасшыларды іздеуі мүмкін. Элита ішінен Ресейгебүйрегі бұратын, Ресейдің сөзін сөйлейтін Янукович сияқты адам іздейді.

Қытайғакелсек, Қазақстанға көп-көрім ақша құйған Бейжің елді тұрақсыздық жайласа ғанаараласуы мүмкін. Тіпті Ресеймен тізе қосып, ыңғайына жағатын, Ресей және Қытайменқарым-қатынасты алдыңғы орынға қоятын кандидатқа қолдау көрсетуі ықтимал. Қытай мен Ресей батысшылкөзқарастағы, либералды оппозиция, ұлттық-патриоттық көзқарас пен діншіл бағыттағыкүштерге қарсы болады.

–   Қазақстаннан шетел ауған тұлғалар ше? Олар араласа ма?

–   Мұхтар Әблязовтіайтпағанда, шетел ауған ескі оппозицияның да дәурені өтті. М.ӘблязовҚазақстанға келсе, бәлкім, жақтаушылар таба алатын шығар. Бірақ оның өзіекіталай. Шетел ауған оппозиционерлер елмен байланысын жоғалтып алған. Халық елішінде жүрген саясаткерлер төңірегіне топтасады. Шетелде отырып саясатқабелгілі бір дәрежеде араласуға болады. Алайда ол наразыларды көшеге шығаруданары аспайды. Ленин революцияны Швейцарияда отырып жасаған жоқ. Ресейге қайтыпкеліп ұйымдастырды. Жүйені өзгерткен көшбасшылардың бәрі: Саакашвили, Ющенко,Тимошенко, Зеленский, Пашиняндар өзгерісті ел ішінде жүріп жасады. Биліктісыртта отырып ауыстыра алмайсың. Оның үстіне халық көбіне-көп биліктен теперішкөрген, таяқ жеген тұлғаларды қолдайды. Енді Ә.Қосановтан көңілі қалып, сабақалған жұрт жаңа көшбасшыларға басқа талап қояды.

–  Президенттің ескі гвардиясының да күні өтті ме? Олар бұлпроцеске араласа ма?

–  Уақыт,демографиялық фактор  ескі гвардияғақарсы жұмыс істеп жатыр. Ескі гвардия қартайып жатыр, қайсыбіреулері дүниеденозды.  Мені ескі гвардиядан гөрібасқарушылардың жаңа буыны: кейбір әкімдер, министрлер көбірек қызықтырады. Олардыңелді басқарсам деген амбициясы бір басына жетеді. Назарбаев кеткен соң бұлар неістейді, қандай әрекетке көшеді?

Жас буынөрмекші толы құтыны елестетеді. Бір-бірімен араз, біріге алмайды,  бір-бірімен текетіресетін топтары тағы бар. Меніңше,осы жастардың кейбірі аға буынның уақыты өтті деп, ескі гвардияға қарсы шығуымүмкін. Бірақ бұл жастар бір-бірімен біріге алмайды. Өйткені мемлекеттік емес,топтық сананы жоғары қояды. Тек өз тобына сүйенеді, басқасын жау көреді.Өйткені жүйеге келгелі бері текетірес, интригалардың ішінде жүріп өсті. 40-45жастағы  бұл саясаткерлер елдің басынакелсек, басқарсақ дейді. Бұлар экономикалық жағынан тиімді болса, өзге элиталықтоптармен уақытша альянс құра алуы мүмкін. Бірақ бұл жастар аға буынғақарағанда ештеңеден именбейді. Ең қауіптісі де сол. Тоқетері, Назарбаевтанкейінгі кезеңде элитада  аға буын менжастар текетіресі, экономикалық талас-тартыс болуы ықтимал.

–  Күштік құрылымдар кімді қолдауы мүмкін? Қолдауға иеболғаны басқалардан озып шықпай ма?

–   Путин олигархтардықалай жеңді? Путин күштік құрылымдарға сүйенді.

Қазақстанның күштік құрылымдары да бір ойыншы емес, әртүрлітоптардан құрылған. Күштік құрылымдардың бір тобы белгілі бір элита тобынқолдап, басқа элита тобына қарсы шығуы ықтимал. Онда күштік құрылымдардантеперіш көрген элита контрэлитаға айналады. Посткеңестік елдерде сондаймысалдар бар. Мәселен, Путин олигархтарға қырғидай тиіп еді, әлгілер аяқастынаноппозицияға айналып шыға келді. Күштікқұрылымдар  транзит кезінде бастыойыншыға айналуы мүмкін. Ол үшін өзіне қауіп төндіретін қарсылас топтарды жоюыкерек. Олардың бұған ресурсы, компроматтары жеткілікті. Осы күресті заң аясындажасап көреді, ал одан сытылып қашып кететін қарсыластар екінші Әблязовқаайналуы мүмкін. Тіпті сыртқа қашып кететін 10-20 Әблязов пайда болуы мүмкін. Алолардың ресурсы мен қаржысы жеткілікті, қазірдің өзінде сыртқа кетудің қамынжасап қойған.

–  Тоқетері, Назарбаев биліктен біржолата кеткен соң қиынахуалға тап болатын сияқтымыз ғой...

–  Оған ең алдыменбиліктің өзі кінәлі. Биліктің өзгеріс жасайтын мүмкіндігі болды. Тіпті осысайлауда өзгеріс жасап, адамдарға үміт отын ұялататын мүмкіндігі болған еді. Әліде кеш емес, сайлаудан кейін де сондай мүмкіндік бар.

–   Ол мүмкіндікті мүлт жіберіп алмады ма? Уақытты өткізіп алмадықпа?

–  Әзірге уақыт бар.Билік ол сәтті қай уақытта өткізіп, мүмкіндіктен айырылып қалмақ? Қантөгілгенде. Бірақ бәрі қантөгіске бара жатыр. Наразылық өсіп жатыр, ал биліктіңөзгергісі жоқ. Қоғам өзгеріп, билік таз қалпында қалса, оның арты проблемағаайналады.

–   Билік қалай өзгеруі керек? Қоғаммен қалай келіссөзжүргізуі керек?

–   Бұл жерде биліккіммен келіссөз жүргізеді? Қоғамнан суырылып шығып, билікпен келіссөз жүргізетінкім қалды? Билік ондай партиялар мен жекелеген көшбасшыларды өз қолымен құртты.Макс Боқаев билікпен диалог жүргізуге дайын еді, билік оны түрмеге отырғызды. Бәлкім,қоғаммен келіссөз жүргізіп жатырмыз деген желеумен билікке жақын блогер,сарапшылары жиналып алып, көзбояу комиссия құратын шығар.  Өресі соған жетеді.

     Билік келіссөзжүргізіп, реформа жасаудың орнына оппозиция мен наразыларға қарсы әрекет етіпжүр. Мысалы, «Oyan Qazaqstan» видеоүндеу жариялап еді, көп ұзамай желідесолардың ұранына қарсы видео жарияланды. Билік өзін қоғамға бұлайша қарсықоймауы керек.

Халық сеніміне ие боламын деген билік ең алдымен «Сайлаутуралы», «Саяси партиялар туралы», «БАҚ туралы» заңдарға өзгеріс жасауы керек,партия құруға, сайлауға түсуге кедергі келтіретін шектеулерді алып тастауытиіс. Өйткені ойын ережесін заң белгілейді. Жұрт билік өзгеріс пен келіссөзгедайын дегенге сонда ғана көз жеткізеді.

–       Әңгімеңізге рақмет.

Әңгімелескен Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ («Жас Алаш» газетінен)

(Сұхбатты редакция рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды) 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз