Е.Сәлімов: «Абай арена» уақытынан озып келе жатыр
Семейдің іргесінен бой көтерген «Қарағайлы» ықшамауданында көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүруде.
Әсіресе, мұндағы нысандардың ішінде өңір басшылығының, қала тұрғындарының назарын аударып отырған «Абай арена» мәдени-спорттық кешенінің шоқтығы биік көрінетіні шындық.
Осы ықшамаудандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жанынан келешектеқысқы спорт түрлеріне арналған мұз сарайының салынатыны да жергіліктіжұртшылықтың қызығушылығын оятқан жайы бар. Мұз сарайының құрылысын биылғыжылдың жазынан бастау жоспарланып отыр.
Құрылыс ойдағыдай аяқталып, ел иглігіне берілгеннен кейінмұнда хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғану, керлинг, конькимен жүгіру, басқада жарыстарды өткізуге мүмкіндік туады. Қалабасшысы Ермак Сәлімовтің сөзіне сүйенсек, бұл қысқы спорт түрлерін дамытудыңжаңа белесі. Сонымен қатар онымен айналысатын спортшылардың жаңа биіктерге қолжеткізуіне жол ашатын болады.
Ал сөз басында айтып өткен «Абай-арена» мәдени-спорттықкешені жыл соңына қарай пайдалануға берілетін болады. Шығыс Қазақстан облысыныңәкімі Даниал Ахметов жеке бақылауына алып отырған бұл нысанның құрылысымерзімінен бұрын аяқталатын сыңайлы.
-Арена құрылысы белгіленген кестеден алда кележатыр. Спорттық кешенді үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін іске қосудыжоспарлап отырмыз. Барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылысалаңында күніне 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Біз бұл нысанды мерзімнен бұрыналуды жоспарлап отырмыз, — дейді Семейқаласының әкімі Ермак Сәлімов.
Айтпақшы, «Абай-Арена» кешенінің құрылысына облыстықбюджеттен бөлінген қаражат – 26 825,794млн. теңге. 5109 орынға арналған нысанның 4564-і әмбебап аренаға есептелсе,545-і олимпиялық бассейннен жоспарланып отыр.
«Абай-аренадан»бөлек, биыл 6 көп қабатты тұрғын үйді пайдалануғаберу жайы да көзделген. Оның 136 пәтерлі екеуі төлемақысы төмендеу бағада жалғаберілмек. Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың айтуынша, кезек бойыншажалға берілетін пәтерлер әлеуметтік жайы төмен отбасыларға арналған. Оның 20пайызын ата-ана қамқорлығынан тыс қалған жетім балалар қоныстанса, қалғандарымүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы отбасыларға жекешелендіру құқығынсызберіледі.
— Бұл көпқабатты үйлер пайдалануға берілген320 орындық балабақшаның жанында орналасқан. Сондықтан бұл халық үшін өтеыңғайлы. Жақын маңда автобус аялдамасы да бар, — дейді Н. Ушаков.