Екібастұзда жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде келе жатқан балалы әйелді қағып кетті
Қайғылы оқиға 24 мамыр күні Екібастұз қаласында болған.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Кадрда әйелдің баласымен бірге жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқанын көруге болады. Сол сәтте оларды артқы жағынан келген жүк көлігі қағып кеткен.
Оқиға салдарынан әйел ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырғаннан кейін 25 мамырда травматология бөліміне ауыстырған.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта науқастың жағдайы бірқалыпты. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.