Екі полицейдің өліміне апарған блок-бекеттегі апатқа қатысты тың деректер шықты (видео)
Алматының іргесіндегі блок-бекеттердіңбірінде екі полицейді өлтіріп, тағы біреуін ауыр жаралаған күдіктіге қатыстытың деректер пайда болды.
Бұл туралы «Астана» телеарнасыхабарлап отыр.
Кешелі бері блок-бекетте жол көлік апаттынжасаған адам, құқық қорғау саласында қызмет еткені белгілі болды. Жергіліктіполиция мұны растады. Тек жуырда ғана қызметіне немқұрайлы қарағаны үшінжұмыстан босатылғанын жеткізді. Бірақ көз жұмған марқұмдардың бірінің жары ресми ақпаратпен келіспейді.
«Блок-бекеттің ойранын шығарған BMW жүргізушісі «бұрынполицияда жұмыс істеген» — деген ақпарат жалған ақпарат. Ол қазір де сондақызмет жасап жүр. Менің күйеуім Дастанмен бірге түңгі ауысымға шығып жүретін.Өз қолыммен екеуіне тамақ беріп жұмысқа шығарып салғанмын. Өтінемін, шындықтыайтыңыздар! Керемет әке, жақсы отағасын өлтірген қандықолды бүркелемеңіздер,бұлай!»,-дейді Дастан Әбдіқановтың жары.
Бұған қатысты пікір білдірген Алматықалалық ПД ресми өкілі, Салтанат Әзірбек:
– BMW маркалы автокөлікті жүргізген 1994 жылғы туғаназаматтың бұрын Құқық қорғау органдарымен байланысы болған. Алайда олміндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жұмыстан шығарылған. Бұрын погон киген, 6жыл полицияда жұмыс істеген қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшінтөрт рет тәртіптік жаза алды,- деді.