Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:22, 24 Қараша 2023

Желтоқсан айынан бастап не өзгереді?

Желтоқсан
Фото: из открытых источников

1 желтоқсаннан бастап Орал-Саратов тас жолы ақылы болады

 

Көлік министрінің бұйрығына сәйкес, 1 желтоқсаннан бастап Орал-Саратов тас жолының бір бөлігі де енді ақылы болады. Бұл ретте жеңіл автокөліктер II және III техникалық санаттағы жолдарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден босатылған.

Осылайша тек автобустар мен жүк көліктерінің жүргізушілері жаңа ақылы учаскені пайдаланғаны үшін жол жүру ақысын төлеуге міндетті болады.Ресеймен шекараға дейінгі бағытта салынған тас жолды пайдалану құны көлік түріне байланысты 0,142 АЕК пен 0,710 АЕК аралығында, я болмаса 2023 жылғы көрсеткіштер бойынша 489,9 теңге мен 2 449,5 теңге аралығында құбылады.

Желтоқсаннан бастап қазақстандықтар Gmail пошталарынан айырылып қалуы мүмкін

Google компаниясы соңғы жылдары жаңа саясатын жүзеге асыратыны туралы өз пайдаланушыларын ескертіп келді. Ол 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, Gmail және Google Drive сервистеріндегі белсенді емес аккаунттарды өшіріп тастауды қарастырады. Олардағы барлық ақпарат қалпына келтіру мүмкіндігінсіз, мәңгілікке жoйылады.

Әлемдік алпауыт соңғы 2 жыл бойы белсенді болмай, құр жатқан миллиондаған Gmail есептік жазбаларын жоятынын мәлімдеді. Бұл шара пошталық сервисті елеулі жаңарту науқаны аясында жасалады. Google адамдардың жұмысына, оқуына қатысты дербес аккаунттарға, сондай-ақ кез келген ұйыммен байланысты аккаунттарға тиіспеуге уәде етті. 

1 желтоқсаннан бастап Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдейді 

Телеарнаның хабарлауынша, Ресейге ұзақ мерзімге жалға берілген Байқоңыр аумағы ерекше күзетілетін нысан болып саналады. Қалаға іріп-шығудың да өз тәртібі бар. Қала аумағына плиталар, жан-жағына бейнекамералар қойылған. Әскерилер қалаға кіріп, шыққан барлық тұрғынды тексереді. Тұрғындардың айтуынша, мұнда күніне 10 рет кіріп, шықсаң, соншалықты тексерістен өту қажет.

Енді тұрғындарға Байқоңыр қаласына кіріп-шығу үшін алдын ала рұқсат алып, құжат тапсырудың қажеті болмайды. 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан-Ресей үкіметаралық келісіміне сай қазақстандықтар үшін қалаға кіру тәртібі жеңілдейді.

20 желтоқсанда 2023 жылғы алғашқы ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдана бастайды

Өтініштер 6 қаңтарға дейін қабылданады, ал тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

20 желтоқсаннан бастап қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға өтініш беруге болады. Ол 6 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында беруге болады. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Талапкерлер тестілеу өтетін күнді және уақытты, орынды өзі таңдайды.

Желтоқсан айында Қазақстан сенатының сайлауы өтеді

"2023 жылғы 20 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен орталық сайлау комиссиясының онлайн отырысы өтіп, онда парламент сенатының депутаттығына сайлауды тағайындау туралы мәселе қаралды. Қостанай облысынан 2023 жылғы 20 желтоқсанда зейнеткерлікке шыққандардың орнына сайлау өткізіліп, осы сайлауды әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді", - делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, Қостанай облысынан Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 21 қазанда басталып, 19 қараша күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Кандидаттарды тіркеу 29 қарашада сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі. Ал сайлау алдындағы үгіт 29 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 19 желтоқсанда сағат 00.00-де аяқталады.

Желтоқсан айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

2023 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар 11 күн демалса, 2024 жылы тағы екі күн демалады. Желтоқсан және қаңтарға арналған мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесі жарияланды.

Желтоқсанда Тәуелсіздік күні 2023 жылдың 16 желтоқсанында, яғни сенбіде тойланады, яғни дүйсенбіде қосымша демалыс болады.

Осылайша, қазақстандықтар Тәуелсіздік күні:

16, 17 және 18 желтоқсанда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер;

16 және 17 желтоқсанда аптасына алты күн жұмыс істейтіндер демалады.

Жаңажылдық мереке күндері аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар төрт күн, аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үш күн демалады.

30 және 31 желтоқсан сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді және 1 және 2 қаңтарда қазақстандықтар тағы да демелады.

 

Тегтер: