Баған

Еңбек нарығындағы «рокировка»

Пандемияэкономикаға, оның ішінде еңбек нарығына түбегейлі өзгерістер әкелді. Барлықмемлекеттер, оның ішінде Қазақстанда да жұмыссыздық артуда.

Еңбек нарығындағы «рокировка»

Жұмыс істеу форматыауысып, маңызды мамандықтар жаңаруда.   

Карантиндікталаптарды енгізу, мұнай бағасының құлдырауы, жаппай экономикалық бәсеңсуқазірдің өзінде еңбек нарығынан көрініс табуда. Еуроодақ пен АҚШ-та жұмыссыздарсаны қазіргі жағдай реттелмесе, тарихи рекордтық деңгейге жетеді деп болжануда.ЭЫДҰ сараптамасы бойынша, жұмыс орындары 15 пайызға қысқарған жағдайда, АҚШ-та30 млн жұмыс орны жойылса, басқа елдерде 5 млн-нан аса адам жұмысынанайырылады. Дүниежүзілік еңбек ұйымы мәліметтері бойынша, әлемдік дағдарыстыңсалдарынан 25 млн адам жұмыссыздар қатарын толықтырады. Бұл өз кезегінде кірістіңтөмендеуіне әкеліп, жұмыс істейтін кедейлер санын 8,8 млн-нан 35 млн-ғажеткізеді.

Whiteshield Partners есебіне сүйенсек, Қазақстандақатаң карантиндік шаралар енгізу салдарынан 500-600 мың адам жұмыссыз қалуыықтимал. Әлеуметтік еңбек қатынастары жөніндегі сарапшы Сандуғаш Ескендірованың«HR жаңа сын-қатерлері» атты отандық зерттеуінде «дағдарысқа барынша сезімталсала – жеке сектор, әсіресе консалтинг, қосымша білім беру, көлік ұйымдары»екені анықталған. Осы салаларда дағдарыс ұзарған сайын, 30 пайыз жаппайқысқартулар қатері жоғарылай түспек.

 Жұмыссыздықтыңартуы қызметкерлерді жаңа күнкөріс көзін іздестіру мен жаңа мамандықтардыигеруге итермелеуде. Бұрын миллиондап ақша тапқан әншілер, футболистер,әртістер орнын дәрігерлер мен медбикелер басуда. Компаниялар арасында анонимдіақпарат алмасуға мүмкіндік беретін Glassdoor сайтының зерттеуі бойынша,авиация, туризм, шоу-бизнес орасан зор шығынға ұшырайды. Осы саладағы қызметкерлержұмыстарынан айырылады. Ал індет кезінде денсаулық саласындағы коммуникациямамандары, төтенше жағдайда әлеуметтік көмекті ұйымдастырушыларға, лаборанттармен техниктерге, медбикелерге сұраныс арта түседі.  

Салалар мен мамандықтар құндылығын қайта қарау керек

«Карантин кезінде экономикасалалары мен мамандықтар құндылығы мен бағасы қайта қаралуыкерек. Олардың адамзатқа қажеттілік деңгейі басым мамандықтар арасалмағынанықтауда басты бағдар болуы тиіс», –  дейді Астана мемлекеттік қызмет хабытөрағасы Әлихан Байменов. Мысалы, қазірдің өзінде «денсаулық сақтау және білім беружүйесінің бірінші басымдыққа ие болу керегі, ең басты құндылық адам және оныңөмірі екені айқындалды». Мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбегі жоғарыбағалануы қажеттігі дәлелденді.

 «Сонымен қатар адамның бастықажеттілігін өтеп, азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы мамандарыныңеңбегі де жоғары бағалануы тиіс. Енді осы мамандықтарды бағалаужүйесі қайта қаралып, аталмыш салаларда  жаңа инновациялар қолданып,ынталандыруға күш салатын уақыт келді», – деп есептейді Әлихан Байменов.

Сарапшы бірнеше жыл бұрын Түркияның солкездегі вице-премьерімен кездескенін айтады. Сонда түркиялық басшы өз еліндеадамдардың дүниетанымы мен қоғамның болашағына ықпалы зор екі мамандық барын айтқан. Олар – мұғалімдер мен имамдар. Сондықтан бұл екі мамандық иелеріне Түркиядаерекше назар аударылады. Мұғалім болу үшін үміткер арнайы, күрделі іріктеуденөтсе, ал 80 мың имам мемлекеттен жалақы алады.

Қазіргіжағдайда Әлихан Байменов келесі маңызды мәселе – кәсіпорындар, ұйымдар,мекемелердің ішіндегі лауазымдар арасалмағы мен жалақыларын  қайта қараумәселесіне назар аудартады. Оның айтуынша, сирек кездесетін маман иесініңеңбекақысы басшының жалақысынан жоғары болуы тиіс. Мәселен, мықты эпидемиолог,атом энергетикасы немесе ғарыш маманы министрден де жоғары жалақы алуы мүмкін.Айталық, Канадада министрліктің күнделікті тұрақты жұмысын қамтамасыз ететінжауапты хатшының айлығы министрден жоғары.

Мамандарды, түптеп келгенде адамды бағалау,оны басты құндылық ету экономикалық дағдарыс кезінде шешуші фактордың бірі депесептейді сарапшы. Сол себептен, оның айтуынша, адам ресурстарын басқаруқызметі және сол саладағы мамандардың ықпалы мен рөлін арттыру қажет.

Айжан  ЖЕҢІСҚЫЗЫ, 

«Жас Алаш» 

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз