Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:48, 05 Маусым 2024

Енді 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмайды

а
Фото: из открытых источников

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады.

Мәжілісе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда таныстырылды.

Оған сәкес, енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек. Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады. Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.

Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

Фото: