Live

Енді мамыргүлді жұлсаңыз да айыппұл салынуы мүмкін

Полицияның мәліметінше, мамыргүлді жұлып немесе зақымдаған азаматтарға 50 АЕК (216 250 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

1

Егер өсімдік қоғамдық жерде өсіп тұрса, оны сындыруға немесе жұлуға тыйым салынады. Ал жеке аумақтағы бұтаны бүлдірген жағдайда, жер иесі келтірілген шығын үшін өтемақы талап етуге құқылы.

Алайда бұл жаңалық әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Кейбір қолданушылар ботаникалық тұрғыдан мамыргүлді мезгіл-мезгіл кесіп, күтім жасау қажет екенін алға тартады. Олардың айтуынша, мәселе дұрыс күтімде, ал жай ғана сындыру – өсімдікке зиян.

Пікірлер арасында «мамыргүлді қалыпқа келтіру үшін кесу керек, бірақ бізде оны дұрыс жасамайды», «мұндай айыппұл қою тіпті күлкілі» деген көзқарастар да бар.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз