Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:54, 23 Ақпан 2024

ЕО санкцияларының 13-ші пакетіне Қазақстан компаниялары да кірді

санкция
Фото: из открытых источников

Еуроодақ кеңесі Ресейге қарсы 13-ші санкциялар пакетін мақұлдады.

Бұл туралы ЕО кеңесінің мәлімдемесінде айтылған. Жаңа пакетке 194 жеке және заңды тұлғалар кірді. Сондай-ақ мәтінде бұл жолғы санкциялар Ресей Федерациясының ұшқышсыз ұшу аппараттарының құрамдас бөліктеріне «қолжетімділігін шектеуге» бағытталғаны айтылған.

Сондай-ақ Ресейге қарсы санкциялардың 13-ші пакетіне Үндістан, Шри-Ланка, Қытай, Сербия, Қазақстан, Таиланд және Түркия компаниялары кірді. ЕО Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдады деген айыппен санкциялардың 13-ші пакетіне 27 ұйымды енгізді. 22 ақпанда Лондон бірнеше ірі ресейлік компанияны басшылар тізіміне қосу арқылы Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті. UMMC, ALROSA және NOVATEK басшыларына қатысты шектеу шаралары енгізілді. Тізімге Қытай, Беларусь, Түркия және БАӘ компаниялары да кірді.