Ерлі-зайыпты блогерлерге қатысты сот үкімі шықты
Ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі шықты.
Ерлі-зайыпты Жанәбіловтер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және ақша жылыстату бойынша кінәлі деп танылды.
Судья Әділбек Баймаханов Ерболат Жанәбіловке екі жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал Эльмира Төлегенова екі жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол балаларының болуына байланысты жазасы 2 жылға кейінге шегерілді.
Естеріңізге сала кетейік, прокурор блогерлерді 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Кейіннен айыптау тарапы мен сотталушылар процессуалдық келісімге келген.
Осыған орай, айыптау тарапы Ерболат Жанәбіловке 2 жыл шартты жаза тағайындауды, ал Эльмира Төлегеноваға балаларының болуына байланысты 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын 2 жылға кейінге шегерумен белгілеуді сұраған еді.