Оқиғалар

Ерлан Қарин: Қазақ хандығы тарихының хронологиялық ауқымы кеңейтілді

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Қазақстан тарихының академиялық басылымын әзірлеу жөніндегі Редакциялық алқаның қорытынды отырысында көптомдықты дайындау барысында Қазақ хандығы тарихының хронологиялық ауқымы үш жарым ғасырдан астам уақытқа ұзартылғанын айтты.

Р

«4-ші томда Қазақ хандығы тарихының хронологиялық ауқымы кеңейтілді. Бұрын бұл кезең ХVIII ғасырдың ортасымен аяқталатын. Қазіргі күнге дейін осындай ұстаным болды. Ал бұл жолы біз басқаша көзқарасты таңдадық. Осылайша, Қазақ хандығы кезеңі хандық билік жойылған ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін, яғни үш жарым ғасырдан астам уақытқа ұзартылды. Сондай-ақ, Қазақ хандығы дәуірін барынша кең тұрғыдан көрсетуге тырыстық. Саяси институттардың дамуы, сыртқы және ішкі саясат, руханият пен мәдениет біртұтас жүйе негізінде қамтылды. Бұрын Қазақ хандығы дәуіріне жеткілікті түрде назар аударылмады. Өз тарихымызды бұлай шектеу – дұрыс ұстаным емес», – деді Ерлан Қарин Редакциялық алқаның қорытынды 14-ші отырысында.

Оның айтуынша, бұрынғы еңбектерде Қазақ хандығы кезіндегі салт-дәстүрлеріміз, этнологиялық дүниелеріміз, руханиятымыз толық қамтылмаған. Тұңғыш рет Қазақ хандығының халықаралық қатынас саласындағы тарихы бөлім-бөлімге бөлініп, кең ауқымда қарастырылған. Орта Азия елдерімен, Қытай, Жоңғар, Ресей мемлекеттерімен байланыс орнатуына ерекше назар аударылды. 

Еске сала кетейік, көптомдықта алғаш рет Ұлы Дала өркениетінің негізгі даму кезеңдеріне жеке үш том арналды. Олар – Түркі дәуірі, Алтын Орда кезеңі және Қазақ хандығы дәуірі. Бұл жай ғана жеке томдар емес. Әрқайсысында осы тарихи кезеңдерге қатысты мүлде жаңа, әлдеқайда терең ғылыми пайымдаулар ұсынылған.

Тегтер: Ерлан Қарин
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз