Саясат

Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды.

Байкен

Есет Байкен 1986 жылғы 23 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Баршино ауылында дүниеге келген.

Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған. Кейін елорда әкімдігі құрылымдарында түрлі қызметтер атқарды.

2016 жылы Президент Әкімшілігіне ауысып, Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының сарапшысы, кейін мемлекеттік инспектор болды.

2019 жылдың ақпанында Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұдан кейін Астана қаласы әкімінің аппаратының басшысы, «Сарыарқа» ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қыркүйегінен бері Астана қаласы әкімінің орынбасары болған Есет Байкен енді Ұлытау облысын басқарады.

Тегтер: Есет Байкен
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз