Баған

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Белгілі журналистДархан ӘБДІК 9-маусым күні өтетін президенттік сайлауға бармайды.

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Бұл туралы ол Qajet youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Президентікке үміткер кандидаттардың ешбірінқолдамаймын. Және дауыс беру үшін сайлауға бармаймын. Мен бұл саяси доданы сайлаудеп есептемеймін. Бұл бар-жоғы имитация. Әділ сайлау болса барар едім», — деді журналист.  

Журналист бүгінгіқоғам, журналистика, т.б.  салалар бойыншаөз ойымен бөлісті. Журналист уағыз, насихат айтумен айналыспай, әр нәрсеге сынкөзбен қарауы тиіс. Бүгін журналистер пропагандамен айналысып жатыр. Бірақолардың әсері күннен күнге әлсіреуде. Интернет азаматтық қоғамның қалыптасуымендиктаторлық режимдерді құлатады дейді журналист.

«Қазақ хандарының бір әулеттен сайлануы ол біздіңсорымыз. Азаматтық қоғам болмады. Адамдарды қабілетіне қарай сайлаған жоқ.Қанына, әулетіне қарап сайлады. Даму феодалдық сана құлағаннан кейін барыпбасталады. Әлемдегі өркениетті елдердің бәрі парламенттік мемлекет. Халықмемлекеттің жұмысына ортақтасқанда даму басталады. Қазіргі жүйе өзінің құлапбара жатқанын сезіп тұр. Сондықтан агрессиясын шығара береді. Мысалы ит қорыққандаүреді, жылан да қорыққанда шағады», — деді Дархан ТӨЛЕНҰЛЫ. 

Фото: xsongs.net

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз