Есмұхан ОБАЕВ: Боранбаев - спонсор, Әшімбаев - көрермен, Әбдіхалықов - менеджер
Қазақстанның Халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев — «Алдыңғылардың әңгімесінде».
Ауылда қи ойып жүрген баланы Асқар Тоқпанов Алматыға оқуға шақырады. Тоқпановтың бір ауыз сөзі Обаевтың тағдырын басқа арнаға бұрады.22 жасында «Жаяу Мұса» пьесасын Нұрмұхан Жантөриннің қолынан алып, сол арқылы режиссерлікке бет алған Есмұхан Тахауи Ахтановтың «Боранын» сахналап, өзін кәнігі режиссер ретінде бекітеді.24 жасында "Қазақстанның өнерге еңбек сіңірген қайраткері" атағын алып, Семейге бір жылға Абай атындағы драма театрға жетекшілік етуге жіберіледі. Сол бойы жиырма жылын Семей театрына арнайды.Онда қазақ классикасы мен қатар әлем драматургиясының ең үздік пьесаларын сахналайды. Сонда жүріп, ҚР Халық әртісі болады. Бұл қырықтан енді асқан шағы болатын.Ректор болады, министрдің орынбасары болады. «Сондағы өткен жылдарды театрдағы бір күніме айырбастамас едім қазір» дейді.Шәкірттерімен де, ұстаздарымен де мақтанады.Қазірге М. Әуезов театрының репертуарын, актерлерін сынайды.Сұхбатты көру үшін сілтемені басыңыз:www.youtube.com/watch?v=cPFwQwLPois