Әлеумет

Ет экспортын еселей түсуге мүмкіндік мол

Қазір еліміздежайылымдық жері мол, қорасы қойға, шарасы майға толып, малсойып, ет сатумен айналысып жүрген шаруашылықтар көп.

Ет экспортын еселей түсуге мүмкіндік мол

Жалпы алғанда мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының тек жалпы өнім беріпқана қоймай, сонымен қатар, халықты маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ететінсаласы болып табылады. Яғни, әрқайсысы өз алдынаұсақ-түйек сауда жасап, бірде көл, бірде шөл боп жүрген осынау ағайынға жаңаданбір мүмкіндік туғандай. Осыған байланысты ет өнімдері өндірісін көбейту, жесеңтісіңе кіретін, жемесең түсіңе кіретін етті экспортқа шығаруға қажеттіинфрақұрылым қалыптастырылуда.

Ауылшаруашылығыминистрі Сапархан Омаровтың айтуына қарағанда бірінші жартыжылдықтыңқорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың осы кезеңіменсалыстырғанда 962,2 млрд. теңгеден 1063,5 млрд. теңгеге дейін 10,5 пайызғаұлғайыпты.

Иә, соңғыжылдары мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде оң өсім байқалады. Сиыр етін өндіру477 мың тоннаны құрады, бұл ішкі тұтынудың 98 пайызын қамтамасыз етеді.Тиісінше қой еті 150 мың тонна, шошқа еті 86 мың тонна болды. 2018 жылдыңқорытындысы бойынша сиыр еті бойынша экспорт көлемі 19,9 мың тоннаны, қой еті 3мың тоннаны, шошқа еті 400 тоннаны құрады.

Ал, сүт өндірукөлемі 5,7 млн. тоннаға жетті. Сонымен қатар, жыл сайын 500 мың тоннаға жуықсүт өнімдері әкелінеді. Ірі қара малдың саны 7,2 млн. басқа дейін, қой 18,7млн. басқа дейін, жылқы 2,6 млн. басқа дейін, құс 44,3 млн. басқа дейін өсті.

АӨК дамытудың2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде министрлікмал шаруашылығы салаларын дамытудың ұзақ мерзімді салалық бағдарламаларынқабылдап іске асыруда. Мал шаруашылығы саласында 4 салалық бағдарламақабылданды: етті мал шаруашылығы (ірі қара мал және қой), сүтті ірі қара малшаруашылығы, құс шаруашылығы және шошқа қаруашылығы. Әрбір бағдарламадафермерлік шаруашылықтарды және өндірістік қуаттарды құру бойынша өңірлербөлінісінде индикативтік көрсеткіштер бар және мал шаруашылығы өнімін өндіружоспарлы көрсеткіштері көрсетілген.

Етті малшаруашылығын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы 10 жыл ішінде бордақылауалаңдары және ет комбинаттарымен кооперацияланып жұмыс істейтін етті малшаруашылығы мен қой шаруашылығында  80 мың отбасылық фермерлікшаруашылықтарды құруды көздейді. Бағдарламасиыр еті мен қой етінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. 

Сүтті мал шаруашылығының ұзақмерзімді бағдарламасы сүт өнімдерінің импортын алмастыруға бағытталған. Жалпыалғанда, өнеркәсіптік және отбасылық үлгідегі сүт-тауар фермаларының санынарттыру есебінен қайта өңдеу қуаттылығын тиеу үшін сүт өндіру көлемін 1млн.тоннаға ұлғайту жоспарлануда.

«Біз осы секторда іске асырылмаған үлкен әлеуетті көріпотырмыз. Жылдам нәтижелерге қол жеткізу үшін өнеркәсіптік сүт-тауар фермаларынсалу қарқынын арттыруды қамтамасыз ету қажет. Ол үшін министрлік жекетұжырымдама әзірлеуде» дейді бұл жөнінде ауылшаруашылығы министрі С. Омаров.  

Сиыр еті мен қой етін өндіруде,сондай-ақ экспорт көлемін кеңейту үшін ірі қара мал мен қойдың аналық басын еселепөсіру қажет. Етті мал шаруашылығын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясындаөткен жылдан бастап жеңілдікті шарттармен етті мал шаруашылығында отбасылықфермерлік шаруашылықтарды құруға кредит берудің арнайы бағдарламалары іскеқосылды.

2019 жылы 683 отбасылық ферма 66,7мың басқа несие алып, 42 мың аналық бас ірі қара мал әкелді. Мал басын сатып алудыңең жоғары көрсеткіштері Ақтөбе және Алматы облыстарында, ең төмен көрсеткіштеріҚостанай облысында. Сонымен қатар, 536 фермерлік шаруашылық 210 мың аналық қойсатып алуға қаржыландырылды. Қой басын сатып алуда көш бастап тұрғандар БатысҚазақстан, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстары. Төмен көрсеткіштер бар бұлҚостанай және Шығыс Қазақстан облыстары. 2020 жылға арналған жоспарлар тиісінше200 және 600 мың басты құрайды.

Сүтті малшаруашылығын дамыту бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік және отбасылықүлгідегі сүт-тауар фермаларын салуды қаржыландыру жүзеге асырылады.

2018 жылы 7өнеркәсіптік кешен мен 22 отбасылық ферма жаңғыртылып, іске қосылды. Ағымдағыжылы ҚазАгро желісі бойынша 15 өнеркәсіптік кешенді қаржыландыру қарастырылуда,оның 2-уі іске қосылды. Жобалар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылыжәне инвесторлардың өз қаражаты есебінен қосымша қаржыландырылады. Сондай-ақотбасылық үлгідегі сүт-тауар фермаларының құрылысы қаржыландырылады. 2 фермаіске қосылды, 6-уы қарауда.

«Өзөндірісіміздің көлемін арттыруды ынталандыру үшін өткізу нарықтарын кеңейтужәне экспортты ұлғайтуды ынталандыру қажет. Министрлік ауыл шаруашылығышикізатының экспорты бойынша ҚР үшін негізгі елдеріне (ЕО, ҚХР, Иран, Парсышығанағы елдері) ауыл шаруашылығы шикізатынан қайта өңделген (алғашқы қайтаөңдеу) өнімге ветеринарлық-санитарлық талаптарды шешу және келісу бойыншабелсенді жұмыс жүргізуде. Қабылданған шаралар нәтижесінде біз сиыр етіэкспортының көлемін 37 пайызға дейін, қой еті 32 пайызға дейін, шошқа еті 43пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. АӨК өнімдері экспортының өсуінқазақстандық өнімнің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану арқылы арттыруғаболады, ал бұл оның экологиялығы, сондықтан «органик» және «халал» өнімдерінөндіру, өңдеу және сертификаттау жүйесін жолға қою қажет» дейді Сапархан Омаров.

Дегенменде бұлмәселеде бір проблема бар. Қазақстан Республикасы Азық-түлік қауіпсіздігініңИслам ұйымын құруға бастамашылық еткенімен, Республикада халал өнімдерін өндірусаласында заңнама жоқ. Еліміз үшін АҚИҰ құруы мен пайдасының мақсаты олРеспубликаның ислам елдеріне азық-түлік жеткізуді арттыру болып табылады, алхалал өнімдерін өндіруді дамыту жөніндегі іс-шаралары жоспарынсыз Парсышығанағының басым елдеріне, Иранға азық-түлік экспортының өсуін қамтамасыз етумүмкін емес. Қазіргі уақытта халал өнімдерін өндіруді дамытудың Жол картасынкелісу аяқталуда. Сондай-ақ,стратегиялық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды қайта өңдеу секторынатарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазірдің өзіндеТүркістан облысында түйе және бие сүтін қайта өңдеу бойынша «Golden CamelGroup» ЖШС (Қытай), Павлодар облысында «Лакталис» ЖШС (Франция) жобалары іскеқосылды. Өңірлерде малды сою және бастапқы қайта өңдеу бойынша заманауи жоғарытехнологиялық кәсіпорындар құру, етті терең өңдеу технологияларын игеружөніндегі жобалар іске асырылуда.

Ағымдағы жылыАлматы облысында қуаттылығы тәулігіне 100 бас ірі қара мал, 1500 бас ұсақ малсою бойынша «Емпайр фуд» ЖШС-нің (Иран) ет өңдеу кешенінің құрылысы бойыншажоба іске қосылды. Биылғы жылы елордада қуаты жылына 5 мың тонна ет өндіретінет-өңдеу кешенінің құрылысы бойынша «Ерейментау ақбас» ЖШС пайдалануға беружоспарлануда.

Батыс Қазақстаноблысында уақытша тоқтатылған Кроун батыс жобасына жаңа инвесторды тартубойынша жұмыс жүргізілді. Ақорда компаниясы осы күзде іске қосу үшін осы жобанысатып алуда. Сондай-ақ, Гранд Фарм (ҚХР), Бауманн (Германия), Иналка/Кремонини(Италия) сияқты трансұлттық компанияларды ет өңдеу секторына тарту жұмыстарыжүргізілуде. Сонымен қатар, америкалық Трансұлттық компаниялар өзинвестициялары есебінен сиыр етін өндіруге арналған заманауи ет өңдеу кешенінсалуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақыттаамерикандық ғалымдар тобы саланың ағымдағы жай-күйіне шолу жүргізіп, америкалықкомпаниялар үшін талдамалық есеп дайындады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банкпен Азия даму банкімен бірлесіп ет саласын дамытуды қолдау бағдарламасыәзірленуде. Қазіргі уақытта тиісті жол картасы дайындалуда.

Фото: batys.ortcom.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз