Live

Фельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Қосшы қаласының әкімдігі фельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылғанын хабарлады.

Ұлдана Мырзуан

Рәсім Ұлдананың туған күніне орай ұйымдастырылған. Әкімдік бұл бастаманы елге қызмет еткен азаматтардың есімі ұмытылмайтынын көрсететін маңызды қадам ретінде атап өтті.

Еске сала кетейік, Астанада 23 жастағы фельдшер қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған еді. Ол «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз