Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:22, 13 Мамыр 2024

Грузияда «шетел агенті» туралы заңға қарсы митинг жалғасып жатыр

к
Фото: из открытых источников

Тбилисиде «шетел агенттері» туралы заңға қарсы наразылықтар жалғасып жатыр.

Meduza мәліметінше, полиция шерушілерді қатты соққыға жыққан, 20 адам ұсталған.

Шерушілер түні бойы парламент ғимаратының сыртында болды. Еркіндік алаңында арнайы жасақ кезекшілік етіп, су атқыштары бар техникалар да сонда орналасты. Таңертеңгі сағат 6-да, қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерді ығыстыра бастады. Желіде демонстранттарды қатты соққыға жыққан видеолар пайда болды. Оларға қарсы таяқ, көзден жас ағызатын газ және су атқыштар қолданды, деп жазады басылым.

Ал, таңғы сағат 9-да Грузия парламентінің заң комитеті бір минут ішінде «шетел агенттері» туралы заң жобасын мақұлдаған. Алда оны үшінші және соңғы оқылымда қарау күтіп тұр.

Наразылық білдірушілер мен полиция парламент сыртында қалды.

Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наразылық кезінде 20 адам ұсталды, оның ішінде бір Ресей және екі АҚШ азаматы бар.

Фото: Paper Kurtali

 

Тегтер: