Баған

Халық қаһары

Қабат-қабат — үстіңе! - Шойын киіп алсаң да, Сол шойыннан Қолыңа Сойыл құйып алсаңда - Халық қаһары Тозған шүберектей етіп Жыртып тастайды, Бұта құрлы көрместен Қырқып тастайды.

Халық қаһары

Біліп ал қуатын:

Күркіреп, күрпілдеп жатқан

Көктің ішінен -

Қақ айырып! —  

От лақтырып ұратын

Халық қаһары! -

Сұрапыл.

Шойын кисең де

Мақтадай лап етіп

Жанып кетесің,

Қуыс-қуыстан қуалап

Сынап боп ағып кетесің.

Халық қаһарланса

Ештеңең қалмайды!

Қалса,

Ниара ниеті

Пиғылың ғана қалады;

Арланға ұмтылған

Төбет сиқты

Қарға шаншылып

Құйрығың ғана қалады.

Фото: qasym.kz

Темірхан МЕДЕТБЕК

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз