Баған

Халықтың сүйіктісі еді...

Кеше Жетісу өңірінен суыт хабар жетті. Мамыражай мамырайының ыстық күні жаурағандай күй кешіп, денеміз тоңазып кетті.

Халықтың сүйіктісі еді...

Амал қанша, ешкімде өлімге қарсы тұра алмайды. Елімізге танымал тележүргізуші, Қазақстан Президентісыйлығының иегері, мәдениет қайраткері Бейсен Құранбек 49 жасында дүниеден өтті.Тірі болғанда келер жылы «ердің жасы елуге» толғанын бүкіл қазақ болып атапөтер едік.

Алматы облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген олбірқатар республикалық телеарналарда ұзақ жыл қызмет атқарды. «Qazaqstan»Ұлттық телеарнасында көпшілікке танымал «Айтуға оңай», «Қарекет»бағдарламаларының жүргізушісі болды. Жұрт сүйсіне көретін, көрермені асығакүтетін де осы хабар еді. Іскер де білімді жігіт 2014 жылдан бастап Алматыоблыстық «Жетісу» телеарнасының Бас директоры қызметін атқарды. «Отызында ордабұзып, қырқында қамал алды» деген аталы сөзді Бейсен бауырымызға арнап айтсақжарасып тұрар еді.  Бүкіл өмірінтелеарнаға арнаған, ондада қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған хабарлардыңжүргізушісі болды. Студиядағы жұртпен бірге мұңайған сәттерін көрген көрерменБейсекеңнің соншалықты нәзіктігіне, қамқор көңіліне риза болысатын.  Әсіресе 2013 жылы Qazaqstan телеарнасындағы«Айтуға оңай» ток-шоуы еліміздегі көрермені ең көп, өте танымал бағдарламағаайналып шыға келді. Адал еңбегі үшін сыйлықтардан да құралақан қалмады. Міне,енді осының барлығы елес боп қалды. Амал қанша, бүгін біздің сіздерге айтарымызоңай болмай тұр. Арыстай азаматтан айырылып қалдық.

Бейсен бауырымыздың «Халқымыздың «басты байлық –денсаулық» деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш,тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенінұқтым» деген бір ауыз сөзі бүкіл халыққа айтылған ескерту іспетті.

Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгінТалдықорған өңірінде болып жатыр. Аяулы дос, абзал аға, кішіпейілбауыр ғана емес, барша қазақтың сүйіктісіне айналған азаматпен қоштасу рәсіміөзі қызмет еткен Жетісу арнасында өтеді. Бейсен Құранбектің жарқын бейнесібаршамыздың жүрегімізде мәңгі сақталады. Бақұл бол, бауырым!

Жасалаштықтар

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз