Қоғам

Хостелдегі өртке қатысты 1 адам күдікті деп танылды – Прокуратура

Алматы қалалық прокуратура 13 адам қаза болған хостелдегі өртке қатысты тың дерекпен бөлісті, деп жазды Zhasalash.kz.

өрт

Прокуратура ұсынған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 292 бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бойынша қылмыстық іс тіркеуге алынған. 

“Аталған қылмыстық іс бойынша 1 адам күдікті ретінде танылды. Қазір Алматы қаласы прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру өтіп жатыр”, – деп мәлімдеді прокуратура.

Тергеудің қорытындысына сай заңды процессуалдық шешім қабылданады.

Тегтер: өрт хостел
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз