Саясат

Индонезия Ормуз бұғазындағы миссиядан бас тартты

Индонезия Ұлыбритания мен Францияның Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау миссиясына әскери күш жібермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы аталған елдің сыртқы істер министрі Сугионо хабарлады.

Ормуз

Министрдің айтуынша, мұндай миссияға қатысу Индонезияның бейтарап саясатына қайшы келеді.

— Біз мұндай «миссияға» қатыспауымыз керек. Бұл бейтарап ұстанымымызды бұзады, — деді Сугионо Jakarta Globe басылымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Ормуз бұғазында Индонезияға тиесілі екі танкердің әлі де бөгеліп тұрғаны хабарланды.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер 49 ел қатысқан саммит қорытындысы бойынша Лондон мен Париж аймақтағы теңіз жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған көпұлтты миссияны басқаратынын мәлімдеген еді.

 Оның айтуынша, миссияға қатысты нақты мәліметтер Лондонда өтетін әскери жоспарлау конференциясынан кейін жарияланады.

Ұлыбритания мен Франция өкілдерінің мәліметінше, бірқатар елдер бұл миссияға қатысуға дайын екенін білдірген. Олардың қатарында Украина мен Германия да бар.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропалық комиссия Ормуз бұғазындағы ахуалға байланысты дағдарысқа қарсы жоспар ұсынған болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз