Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:41, 05 Қыркүйек 2024

inDrive басшысы Арсен Томский Алматыда жаңа жоба бастайтынын айтты

о
Фото: gov.kz

Премьер-Министрі Олжас Бектенов inDrive жаһандық көлік және қала қызметтері платформасының негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті.

Қазақстанда цифрлы экожүйе құрылған, Орталық Азиядағы IT стартаптардың ірі халықаралық технопаркі жұмыс істейді, креативті шешімдерге белсенді түрде қолдау көрсетілуде. Ұлттық жасанды интеллект орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан экономика құрылымындағы цифрлы технологиялар үлесін ұлғайтуды және IT қызметтер экспортын одан әрі арттыруды мақсат етіп отыр. Біз ішкі нарықта ірі IT компаниялардың болуын құптаймыз», — деді Олжас Бектенов.

Ал, Арсен Томский inDrive Қазақстанда IT, білім беру, ғылым, өнер және басқа да бағыттар бойынша білікті мамандарды даярлайтын 400 адам білім алатын inVision U университетін ашу туралы ұсыныс жасады.

Сонымен қатар компания ірі мегаполистерде ауа сапасын жақсарту бойынша бірқатар экологиялық бастаманы іске асыруды жоспарлап отыр. Бірінші жоба Алматыда жүзеге асырылады. Үкімет басшысы тиісті мемлекеттік органдарға қоғамдық жобаға көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, 2022 жылы inDrive-тың кеңсесі Якутскіден Алматыға көшірілді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы inDrive кеңсесінде 800-ге жуық адам жұмыс істейді.