Аймақ

Инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі

Шымкентте шалғайдағы елді мекен тұрғындарының инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі

Барлық аудан аумағында осы бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынған.

Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен инфақұрылым мәселесі бойынша кездесті. Қазіргі таңда елдімекенде ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысы аудан әкімдігінің жіті бақылауында.

Бұқарбай Рысқұлұлының айтуынша, шағынауданда электр жарығы мәселесі таяуда шешіледі. Шағынауданында бүгінде 183 тұрғын үй жекеменшік трансформатордан электр жарығын киловатына 28 теңгеден алып отыр. Қазан айынан бастап бұл баға 25 теңгеге төмендейді.

Қазіргі таңда электр жүйесінің жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленген. Келесі жылдан бастап бұл мәселе толығымен шешімін табады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз