Live

Integra Construction KZ мен BI Group еншілес компаниясы 84,3 млрд теңгелік мемлекеттік келісімшартқа таласып жатыр

Integra Construction KZ мен BI Group еншілес компаниясы 84,3 млрд теңгелік мемлекеттік келісімшартқа таласып жатыр.

1

Кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліппен байланысты «Integra Construction KZ» ЖШС және кәсіпкер Айдын Рахымбаевқа қатысы бар BI Group холдингінің құрылымына кіретін «Alem Qurylys AQ» ЖШС 84,3 миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттік келісімшартқа үміткер атанды.

Бұл туралы «Атырау» арнайы экономикалық аймағының инженерлік желілері мен көлік инфрақұрылымын жобалау және салу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының өтінімдерін ашу хаттамасында көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, конкурсқа екі компания қатысуда:

  • «Integra Construction KZ» ЖШС;

  • «Alem Qurylys AQ» ЖШС.

Еске салсақ, 2 наурызда кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің Eurasian Resources Group (ERG) компаниясындағы Александр Машкевич пен Патох Шодиевке тиесілі үлестерді сатып алғанын хабарлаған еді. Ал 23 мамырда ERG бұл ақпаратты ресми түрде растады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз